» » Балалар – еліміздің ертеңі

Балалар – еліміздің ертеңі

Қоғамдық ұйымның өміршеңдігі оның көпшілікпен тығыз байланысында десек, аудандық филиалдың белсенді бастауыш ұйымдарының ішінде 23 мемлекеттік балабақша және 1 жеке балабақша тәрбиешілері қазақ тілін, дәстүрін, салтын, мәдени мұрасын балалардың санасына сіңіреуде түрлі нәтижелі іс- шаралар өткізіп келеді. 1 - маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» саябағында өткен «Нұрлы болашақ» атты мерекелік шарада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрайымы К.Раева мерекемен құттықтап, тіл жанашырлары мен белсенділерін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық және аудандық филиалдарының «Алғыс» хаттары мен естелікке бағалы сыйлықтарын табыс етті. Мемлекеттік тілдің беделі мен мәртебесін арттыру жолында жемісті еңбек етіп, «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына белсенді атсалысқан және жас бүлдіршендерді тәрбиелеп, білім беруде еселі еңбек еткен тіл жанашырлары №1 «Аққайын» балабақшасының әдіскері Акимова Мереке, №2 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі Ідірісова Гүлсім, №6 «Айсұлу» балабақшасының тәрбиешісі Ақбергенова Айнұр, «Сардарбек» балабақшасының тәрбиешісі Ермағанбетова Эльмира облыстық және №1 «Аққайын» балабақшасының тәрбиешісі Ахметова Ақмарал, №3 «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі Рахатова Шұға, №5 «Айгөлек» балбақшасының тәрбиешісі Жұбанышова Тұрсынай, №20 «Толғанай» балабақшасының техқызметкері Ермантаева Мирамкүл, №21 «Тоғжан» балабақшасының техқызметкері Раметова Айгүл аудандық филиалдың алғыс хатын алды. Сондай-ақ осындай құрметке Төретам кенті мен елді мекендердегі балабақша қызметкерлері де ие болды . Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов тіл туралы «қазақ тілін дамыту ісін ғалымдар мен жазушылар, белгілі бір жауапты қызметтегі кісілер емес, барлық жұртшылық болып қолға алып, жұмыла кіріскенде ғана нәтижелі іс тындыра аламыз» - деген еді. Олай болса, баланың сәби шағынан санасына сіңген тіл ешқашанда ұмытылмайды.

04 маусым 2019 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031