» » Төрт жасында таблица жаттаған

Төрт жасында таблица жаттаған

Балаға жақсы есім қою – ата-ананың парызы. Отбасындағы бес баланың төртінші перзентін Шерхан Мұртазадай заңғар жазушы болсын деген ниетпен Шерхан атаған. Балақай бүгінде сол арманның үдесінен шығуда. Тумысынан зерек, білімге құштар ол 4 жасында көбейту кестесін жатқа айтып, картадан мемлекеттерді ажырата алған. Қатарластарынан оза туған ол, 5-6 жасынан бері мектепті алтын белгіге бітіруді армандайды. Бұл жастағы баланың «алтын белгі» туралы білуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Талабы таудай балапан Ақтөбе ауылындағы №109 мектептің оқушысы. Мектеп табалдырығын аттаған уақыттан бері түрлі білім додасы мен олимпиадаға қатысып, жүлделі орындар иеленуде. 3 сыныпта сынып жетекшісі Әзиза Серікқызымен «Сәби өміріндегі әлпештеу жырлары және олардың өзге ұлт өкілдеріндегі қолданысы» тақырыбында ғылыми жобада бағын сынап, ауданнан бірінші, облыстан екінші орынды алса, Республикалық «Білген-Аламан» бәйгесінің 4 кезеңіне жаратылыстану пәні бойынша қатысып, марапатқа ие болған. Сондай-ақ Шерхан Елемес Республикалық «Мың бала» жолдамасының иегері. 11 жасар Шерхан Алданазарұлы бүгінде 5 сыныпты үздік аяқтап, арманына қарай қадам басуда. Шерханның әкесі –¬ мұғалім, ал анасы – мейірбике.
Жаңалықты үзбей көріп, жадында сақтайтын Шерхан білімділердің ойыны шахматты да жақсы ойнайды. Мектепаралық шахмат жарысында биіктен көрініп, алдыңғы қатардан орын алып жүр. Сонымен қатар, мәнерлеп жатқа өлең оқуға да қабілетті. Ұлы Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқудың шебері атанған Шерханның ән салатын да өнері бар. Білімді, әрі өнерлі балақай бос уақытында спортты жанына серік етіп, футбол ойнағанды жақсы көреді. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, сегіз қырлы бір сырлы Шерханның салауатты өмір салтын ұстанатын, егеменді елдің еңсесі биік ұрпағының болашағының жарқын болуына тілектеспіз. Ел сүйсінген ел баласының, елін сүйетін перзент боларына сенім мол.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫы
30 мамыр 2020 ж. 1 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031