» » ЖОЛДАМА ЖЕҢІМПАЗЫ

ЖОЛДАМА ЖЕҢІМПАЗЫ


Білім мен білікке ден қойған талантты балалар өңірде көптеп табылады. Әсіресе, соңғы уақытта жасөспірімдердің техникаға деген қызығушылығы жоғары. Бала бойындағы дарындылықты шыңдауда түрлі білім бәсекесінің тигізер септігі мол.  
Соның бірі – техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық сайысы. Айтулы бәсекенің облыстық кезеңіне қатысқан №109 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сапар Елжанның асығы алшысынан түсті. Жан-жақты дайындықпен келген жас радиотехник мықтылар арасынан топжарып, «Радиомен басқарылатын көлік модельдері» бағыты бойынша І орынды жеңіп алды. Енді ол алда Тараз қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.
– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Шәкіртімнің  техникаға деген талабы таудай. Республикалық сайысқа дайындалудамыз. Осындай жетістікке қол жеткізуімізде мектеп директоры Бақытбек Алмағанбетовтың да еңбегі орасан, – дейді жеңімпаздың жетекшісі, технология пәні мұғалімі Қалампыр Мерекова.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
23 мамыр 2019 ж. 1 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728