» » Рөл ойнаудың шебері

Рөл ойнаудың шебері

Әрбір перзент – тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала – жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай талантымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.


Бұл – Дархан Жомартұлы. «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі. Жасы 5-те. Балабақшаны тәмамдап, мектеп қабырғасына аттанғалы тұрған бүлдіршін сурет салғанды, қолөнермен айналысқанды жаны сүйеді. Балабақша тәрбиеленушілері арасындағы ұйымдастырылған республикалық сурет байқауында І орын иеленген. Топ белсендісі болуымен қатар, рөл ойнаудың да шебері.
– Дарханға қандай рөл, кез келген образ ұсынсақ та, оны керемет алып шығады. Әртістік өнері де бар. Есте сақтау қабілеті де жақсы. Шығармашылық жұмыстарды жан-тәнімен орындайды. Өнер саласына бейімді болғандықтан, болашақта бір жұлдыз шығарына сенімдімін, – дейді бөбекжай-бақша меңгерушісі Айткүл Әбжалиева.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 маусым 2021 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930