» » Тақия тігу де тренд

Тақия тігу де тренд


Соңғы кездері жастар арасында түрлі-түсті, әшекеймен көмкерілген тақия кию сәнге айналған. Осыған қарап ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық нақыштағы бас киімін қайта жаңғыртып, ұлттық бренд қалыптасып келеді деген ойға қаласың. Осындай қазақ қызына сән берген тақияны тігіп жүрген жанның бірі – Роза Жазықбаева. Ол өткеннен мұра болып қалған ұлттық нақыштағы киімдердің қайта сұранысқа ие болуына өз септігін тигізіп жүр.
Әдеттегіше кезекті мақаламызға кейіпкер іздей бастадық. Бұ жолы трендке айналған тақияларды тігетін қолөнер шеберін сұрастырдық. Әлеуметтік желіде жарнамаға көзіміз түсті. Онда біз іздеген көздің жауын алар тақиялардың суреті мен тапсырыс беру үшін байланыс нөмірі жазылып тұр екен. Әлгі нөмірге хабарластық. Ә дегеннен әңгімесін тарқата кеткен шебер қазіргі сәнге айналған тақияға сұраныс көп дейді. Кейіпкеріміз өзі жайында да сыр шертті.
– 1973 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келдім. Кеңес үкіметі кезінде жоғары оқу орнына екінің бірі түсе алмайтын. Мен отбасылық жағдайға байланысты мектептен кейін білім ала алмадым. Алайда қолымда диплом жоқ екен деп мойымадым. Қызығушылықпен тігін тігуді қолға алдым. Алғашқыда киім қысқарту, шағын көрпеше, жастықтар тіге бастадым. Кейін жаңа тігін мәшинесін сатып алып, құрақтар құрап көрдім. Қолымнан келетін іс болды. Солай құрақ көрпеше, жастық, қыз жасауы, шымылдық сынды дүниелер тігіп, тапсырыстар қабылдадым. Тігін өнері ең әуелі қызығушылықпен туындаған. Қазіргі таңда ең сүйікті ісім әрі табыс көзі. Қазір ата-дәстүрімізді жастар заманауи ырғақта өзгертіп, трендке айналдырып жүр. Соның бірі қыздарға сән беретін ерекше бас киім – тақиялар. Оларды түрлі моншақ, оюлармен сәндеп жастарға сай, заманауи үлгідегі киімдермен үйлестіріп кию сәнге айналуда. Осы орайда тақияға жастардың, мектеп оқушылары, сән құмар нәзікжандылардың қызығушылығы артып отыр, – дейді Роза Хамитқызы.
Алайда ол ұлттық киімді ұлықтағанға қуанғанымен тақияның түп-төркіні мен мәні басқаша екенін айтады. Расымен тренд басталғалы бойжеткендерден бөлек үлкен жастағы балалы-шағалы әйелдер осы тақияны басынан тастамай жүр. Қазақ қыздары үш жасынан бас­тап тақия кисе, ұзатылған сәтте сәукеле, келін атанған сәттен орамал тақса, перзент сүйген соң кимешек киген.
– Әдемілік, көріктілік болған жерде сән-салтанат құрады ғой. Қыздарымыздың тақияны әдемі көйлектермен, шашын өріп кигені ғажап көрініс. Бірақ мұны сәннен қалмайын деп емес, ұлттық өнерді жаңғыртайын деп кисе құба-құп болар еді, – дейді тігінші.
Иә, Роза Жазықбаева бүгінде тек тренд тақияларды емес, қажетті тігіннің барлығын тігеді. Балалары аяқтанып, ұстаздық жолда еңбек етіп жүр. Аяулы ана, асыл әже үшін бұдан асқан бақ та жоқ. «Тігіншілік қазір сүйікті ісіме айналды» деген тігінші алдағы уақытта мемлекеттен қолдау тапса, тігін шеберханасын ашып, көкжиегін кеңейткісі келеді. Бұйырса ол күндер де алыс емес.
Айнұр ӘЛИ
17 мамыр 2022 ж. 2 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031