» » "Хит көрпеше" сұраныста

"Хит көрпеше" сұраныста

Сөзге шебер, іске ұста халқымыздың көне заманнан қол үзбей келе жатқан дәстүрі мен қолөнері бар. Иә, салт-дәстүр мен қолөнер бүгінде қайта жаңғырды. Бір қуантарлығы, қолөнерді насихаттауда жастар белсенді. Соның бірі – Ғазиза Асатуллаева.
Қазір қонаққа бара қалсаңыз, мамық та жұп-жұқа көрпешелер көздің жауын алып, бірден назарға түседі. Нәзікжанды болған соң да ондай дүниені аңғармау тіпті мүмкін емес. Жақында ғана құрбы келіншектің осындай "хит көрпешелерін" көріп тамсанып, кімге тапсырыс бергенін сұрап, қызығушылық таныттым. Содан ісмер келіншекпен әңгімелесудің де сәті түсті.
Кейіпкеріміз Ғазиза Шамшадинқызы қыз жасауын тігіп, құрақ көрпе кестелеу­мен айналысады. Айтуынша, бұл өнер анасынан дарыған. Ол Ақтау қаласында экономист мамандығын бітірген. Өзі бала күнінен тігіншілікке қызығып өскен. Атасы ер тоқым, жүген соқса, әжесі тоқыма тоқумен айналысқан көрінеді. Ал анасы тігіншілікті жақсы меңгерген. Бала күнінде анасының тігіп берген киімдерімен өскенін де айтады.
– Осы істі бастар алдында жолдасыммен ойластым. Алғашқыда қорқыныш болды, қалай болар екен, халыққа ұнар ма екен дегендей. Бір жағынан уайымдадым. Осыбір сәтте енем мен жолдасым үлкен қолдау көрсетті. Соның арқасында қазір тапсырыс берушілердің алғысына бөленіп жүрмін. Ең бірінші тапсырыс берген адамның ризашылығын білдіргенде көңілді бір демдегенім бар, – дейді кейіпкеріміз.
Тігіншілікпен айналысқанына үш жылдан енді ғана асқан жас шебер құрақ көрпеше жасауды хоббиі ретінде көреді. Әйтсе де осы уақыт аралығында тұрақты тапсырыс берушілер де қалыптасып үлгерген.
– Көбіне қыз жасауларын тігемін. Себебі қазір хит көрпешелерге сұраныс жоғары. Осыған дейін қазақы киімдерге де тапсырыс қабылдадым. Ара-тұра бұл киімдерге де тапсырыс түсіп тұрады. Менде инстаграм парақша жоқ. Тапсырыс берушілер, сірә бір-бірінен көретін болуы керек. Телефон арқылы байланысады, не болмаса үйге келіп тапсырыс береді. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларына, сонымен бірге Қызылорда, Қазалыдан тапсырыстар түсіп, иелеріне жіберген болатынмын, – дейді ол.
Иә, тігіншілік уақыт пен шыдам­дылықты қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге оюлы көрпешелер де аса байыптылықты талап етеді. Кейіп­керіміз бір тапсырысқа 3 апта уақыт кететінін айтады. Әрине, бұл ұқыптылыққа үйрететін, сапалы дүние шығаруға арналып, көздің майын тауысатын уақыт емес пе?!
Тігінші келіншек Алтынбек Мұхтар­баевпен отасқан. Жолдасы жол бойы саласында еңбек етеді. Бүгінде Тұрар, Айсұлтан есімді екі ұлды өсіріп тәрбиелеуде.

Түйін.
Бос уақытын тиімді пайдаланған, өзіне әрі өзгеге пайдасын тигізіп жүрген жанның ісіне таңданысты жасыра алмаймыз. Себебі ине ұстау екінің бірінің қолынан келгенімен, көздің жауын алар дүниені шығару көпке үлгі боларлық іс. Ең бастысы, Ғазиза – ата-енесінің қамқоршы келіні, ер азаматының аяулы жары, балаларының ардақты анасы.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 сәуір 2021 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031