» » Қолөнерде ұлттың үні бар

Қолөнерде ұлттың үні бар

Мархаббат Асанова,
«Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері:
– «Жастар жылы» мен үшін өте жемісті жыл болды деп айта аламын. Осы жылдың қорытындысы ретінде жуырда ғана аймақ басшысының «Сыр үміті» сыйлығын алу жігерлендіре түсті. Одан бөлек, Іскер әйелдер кеңесі мен «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қоры «Жұлдызды жеңімпаз» номинациясымен марапаттады.
Мен сөзге шебер, іске ұста халқымыздың көне замандардан қол үзбей келе жатқан дәстүрі мен ұлттық қолөнерін жетілдіруді мақсат тұттым. Тігіншілік өнерге келгеніме алты жылдай болды. Осылайша құрақ көрпе жасау хоббиіме айналды. Негізгі мамандығым теміржолшы болса да, білімімді жетілдіре отырып, кәсібімді дөңгеленте бастадым.
Ең алғаш кәсіпкерлік саласына деген қызығушылығым 2017 жылдан басталды. Сол жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сырлы саусақ» сән үйінде 3 айлық курсын тігу және пішу бойынша, әрі қарай Ақтөбе қаласында «Өрлеу» сән үйінен құрақ құрау, ою басуды үйрендім.
Өткен жылдың тамыз айында «Zhas Project» жобасы арқылы 1 млн грант ұтып алдым. Осы жобаның аясында 30-ға жуық қыз-келіншек құрақ құрап, ою ойып үйренді.
06 қаңтар 2020 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031