АУЫЛДАҒЫ ШЕБЕР

Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын. Ал егер ол іскер де ісмер болса тіпті ғажап.  «Қолдан іс келсе, мемлекет те қаржылай қолдаса неге кәсіп етпес­ке». Бұл көпбалалы ана Салтанат Нағашыбай­қызының ойына түскен алғашқы сөз болатын.
Төрт баланың анасы С.Қисықова аудан орталығынан шалғайда жатқан Қуаңдария ауылының тұрғыны. 2012 жылы Хасен Ақышбаев пен Күлайша Қаниеваның отбасына келін болып түскен ол осы әулеттің отын жағып, келіндік міндетін адал атқаруда. Шебер­дің қолынан келмейтіні жоқ. Киіз басады, тұс киіз, қол текеметке ою-өрнек сырады. Қыз жасауын дайындап,  көрпе-көрпеше көктейді. Көйлек тігіп, қазақ халқының ұлттық қолөнері: бай-шу, басқұр, иін бау сияқты киіз үй жабдығын да қолдан жасай береді. Әжесі Түрмегүлден тәлім алған жас қыз шеберлікке он екі жасынан бастап  бет бұрған.
– «Бастау-Бизнес» жобасымен 240 мың теңге және «Өңірлік инвес­ти­ция­лық орталығы» арқылы 1 миллион жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім. Оған тігін шеберханасына керек-жарақ сатып алып, кәсібімді бастадым. Бүгінде тапсырыс көп. Үлгере алмай жататын кезім болады. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтсем деген мақсатым бар. Қосымша бір адамды жұмыспен қамтысам деген жоспарлаудамыз, – дейді шебер.
Салтана көпбалалы ана. Жарасымды жанұяда Ақерке, Нұрасыл, Жанерке, Талшын атты кішкентай бүлдіршіндер өсіп келеді. Оған қашан да жары Жасұлан мен енесі Күлайша апа әркез жәрдемші.
– Келінім қазақымай, мінезі ашық. Үлкенді сыйлай білетін ақжарқын. Қолынан келмейтіні жоқ. Тіл-аузым тасқа, – дейді ол келінге деген ризалық сезіммен.
Салтанат – Өзбекстанда туған. Ата-анасы Шобанқазған елді мекеніне 1996 жылы көшіп келген. Атаулы отбасында болғанымызда үй ішіне қарап нағыз шебердің өзін жолықтырғандай болдық. Себебі, қай бөлменің қабыр­ғасына да ұлттық ою-өрнекпен көм­керіл­ген тұскиіз бен текемет ілініп тұрды. Ол бүгінде келіндігімен де, кәсі­бімен де елге сыйлы. Өзінің білген-түйгенін жастарға үйретуге дайын.
– Ауылдың негізгі өнімі – мал шаруашылығы. Ет, сүт, жүн бар дегендей. Қайсысын да іске асыруға күш салудамыз. Ысырап етпеуге тырысамыз. Кез келген үйде қой бар. Өзімізде ұстаймыз. Жазда көрші келіншектермен бірігіп киіз басамыз. Содан соң оған ою сырып, өрнек саламыз. Бұл бізге бірнеше жылдан бері әдетке айналған. Кейде жүн жетпей жатады. Мұндайда көрші-көлем мен  ағайыннан сұрап, көптеп кө­­мек­­тейміз. Ешқайсысы жоқ демейді. 4-5 келіншек бірігеміз. Бір жазда әрбірімізге 3 киізден басып шығамыз. Әнімізді салып, әңгімемізді айтып жүріп киіздің қалай басылғанын білмей де қаламыз. «Жастай біткен өнер – тасқа қашалған тарихпен бірдей» демекші, қызды жас кезінен бас­тап ұлттық өнерге баулу керек. Сонда оның бойына өнер тез дариды. Әрі қарай алып кету де жеңіл. Ал, оны кәсіпке ұштастыра білсең – бала-шағаның несібесі. Мен де бастаған кәсібімді дамытуға мүдделі­мін. Алдағы уақытта ауыл қыздарын киім тігуге, пішу­ге үйретсем. Себебі, қазақ­тың қолөнерін қазақ қана жалғай алады, – дейді кейіпкеріміз.  
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
02 сәуір 2019 ж. 1 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031