» » Ауылдың сәні – ауылдың дәмі

Ауылдың сәні – ауылдың дәмі

qarmaqshy-tany.kz МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ӘРБІРІНІҢ ӨЗ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР. МЫСАЛЫ, КЕЙБІРІНДЕ ЖАС ШАМАСЫНА ҚАРАЙ ШАРТ ҚОЙЫЛСА, КЕЙБІРІНДЕ ТӨМЕН ПАЙЫЗБЕН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. ЕНДІ БІРІНДЕ ТАҒДЫРДАН ОПЫҚ ЖЕГЕН АЗАМАТТАР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР, ЖАСТАР, СОНДАЙ-АҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА БАҒЫТТАЛЫП ОТЫР. МҰНДАЙ ҚОЛДАУЛАР – ЕЛІМІЗДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ АЗАЮЫНА СЕПТІГІН ТИГІЗСЕ, КӨПТЕГЕН ЖАННЫҢ ОТБАСЫНДА ОТЫРЫПАҚ КӘСІБІН ЖҮРГІЗУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ.
Жаңажол ауылдық округінде осындай мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қайтарымсыз грант бойынша комиссиясына үміткер ретінде құжат тапсырғанның бірі – Әсел Зәріпханова.
Ол осы жылдың маусымында 1380 мың теңге көлемінде гранттың жеңімпазы атанып, ұлттық бағдарламаның игілігін көруде. Мүйізді ірі қара өнімін, оның ішінде сүт және сүт өнімдері бағыты бойынша жеңіп алған қаржысына 3 бұзаулы сиыр сатып алып, кәсібін бастаған.
– Ауылдың қызымын. Мал маған таңсық емес. Жолдасым Айдос Сәркенов те осы ауылдың азаматы. 2015 жылы көңіл жарастырып, отбасын құрдық. Грант туралы айтқанымда отбасымызда бәрі қолдады. Ұсақ малымыз болғанымен, құрт-ірімшікке Зеңгі бабаның тұқымы керек болатын. Әдепкіде жүрексіндім. Комиссияның алдында жобамды жан-жақты қорғап шығуым керек болды. Сұрақтарына жауап беріп, кейіннен жобамды сәтті қорғағаным жайында айтты. Өте қуаныштымын. Жас аналарға айтарым, талап қылыңыздар, ең бастысы – бизнес жоспарды жақсылап қорғаңыз. Әрбір деталіне дейін мән беріп қараңыз. Жұмсалатын қаржы мен табатын өнімнің есебін шемішкіше шағып тұрыңыз. Оған қорқудың қажеті шамалы, – дейді жас кәсіпкер өз замандастарына.
Негізі кәсібін ұршықша иіріп әкеткен кәсіпкерлердің сөзіне қарасақ, солардың көбісі аз қаражатпен бастап, кейін келе күш алған. 5-6 құтымен шемішкі май, 5-6 келімен әк сатып-ақ әлеуетті кәсіп иелеріне айналған. Мұндай деректер көп-ақ. Әселдің де келешекте кәсібін кеңейте түсуге мақсат, жоспары бар.
Ә.Әуезханқызы жан жарымен 4 бала тәрбиелеп отырған бақытты ана. 2 баласы орта мектепте білім алып жүрсе, 2-еуі әлі кішкентай. Мектеп жасындағылары ата-анасының жұмсауына жарап қалған. Кәсіп ашқанына көп бола қоймаса да, осы кезге дейін оның тұрақты тұтынушылары біршамаға жеткен.
– Мамандығымды теміржол саласы бойынша бітіргенмін. Оған ауылда жұмыс жоқ. Үйде үй шаруасынан бөлек, бос қарап отыруға болмайды. Оның үстіне жаспыз. Еңбек ету керек. Ауыл мал ұстауға қолайлы жер. Сүтін сатсам, құрт, ірімшік жасап, айран піссем. Сары майын алсам. Осының бәрін ұқсата білсеңіз, табыс көзі емес пе? Ата-анамыз, күйеуім менің талабымды қолдады. Оларға көптен-көп алғыс білдіремін. Үйде малға жабылып қараймыз. Үлкен кісілер де, жолдасым да малдың жайын жақсы біледі. Бұл мен үшін үлкен қолдау деп есептеймін, – дейді ол.

Көпбалалы ана өнімдерін жарнамалап ауылдың «Ауыл жаңалықтары» деген чатына салып отырады. Тұрақты қалыптасқан тұтынушылары бар. Олардың Әселдің өнімін таңдаудағы талабы – кәсіпкердің тазалығы мен қызмет көрсетудегі мәдениеті деп түсіндіреді. Құрт, сары майдың келісін 4 мың теңгеден ұсынса, сүттің литрін 350 теңгеге сатып отыр. Сөз соңында жас кәсіпкер «Бағдарлама мен сияқты үйде отырған аналарға қолайлы. Бала-шағамен отырып, тірлігіңді жасай бересің. Бұл жерде ескеретіні – мемлекеттің сүйемелдеуімен нәпақа тапқан соң оның қайтарымы да болу керек. Яғни салығын уақытында төлеп отыруға тиіспіз. Кеңейтіп әкетуге де пейілдіміз» дейді ол жауапкершілік жүгін сезініп.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
13 желтоқсан 2023 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031