» » Әдебиет әлемінің сенімді серігі

Әдебиет әлемінің сенімді серігі

Адамзат баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы тілден кейінгі ең кемел құралы – кітап. Ол – біздің рухани байлығымыз, теңдессіз құндылығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңіндегі тарихи оқиғалар мен құнды дүниелерімізді де кітаптан оқимыз. Қазіргі ақпараттық технология қарқынды дамып, цифрлану заманына аяқ басқан кезде кітапхана әлемінің де жұмысы жандана түсуде.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған кітап оқу бағдарламалары да кітапханамен тығыз байланыс орнатуды көздеп отырғаны сөзсіз. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деп Ф.Бэкон айтқандай, еліміздің болашағы – білімді де, білікті ізденімпаз жастар. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін де оқыған жастар болары сөзсіз. Жастарды кітапқа қызықтыратын – кітапханашылар. Осы орайда, менің бүгінгі мақалам мектебіміздің кітапхана қызметкері туралы болмақ.
Иә, қоғам заман өзгерісіне сай күннен-күнге түрленіп жатқаны анық. Десек те кітап оқитын оқырман саны күн сайын артып, кітапхана жұмысы тынымсыз жұмыс атқаруын тоқтатпақ емес. Бүгінгі ұрпақтың да кітап оқу кезінде өзіндік талаптары да осал емес. Әр шәкірттің кітап оқуға деген қызығушылығын сан түрлі әдіспен оята, шәкірт жанының арманына жетуіне ықпал жасай білетін Жанат Шапайқызының еңбегіне тәнтіміз.
Бүгінде мектебіміздің кітапханасы заманауи үлгіде жабдықталып, оқырмандарға барлық жайлы жағдай жасалған. Кітапханашымыз әр оқушыны кітаппен дос болуға шақыра білетін, бос уақыттарын тиімді өткізуге қолдау білдіре алатын өз маманының шебері десем артық айтқандық емес.
Өз ісін сүйетін білікті маман мектебімізде 28 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ерінбей еңбек ете жүріп, көптеген сайыстың жеңімпазы атанды. 2023-2024 оқу жылында мектебімізде облыстық «Цифрлық кітапхана – дәуір данасы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында цифрлы технологияларды тиімді қолдана отырып, келген қонақтарға жаңаша дүниелерді көрсете білген шебер маман. Оқушылардың бойындағы ерекше таланттарын сахна арқылы көрсете отырып, әр шығармадан монолог оқылып, ертегі кейіпкерлерін сомдаған оқушылар кітап әлемімен тығыз байланыста екені айқын көрінді. Сондай-ақ аудандық «Кітап оқы, ойға тоқы» сайысында кітапхана саласында қолданатын платформа жұмыстарын, буккросинг кітап көрмесін көпшілік назарына ұсына отырып, ІІ орынды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар кітапханаға келген әрбір оқырманға қажетті әдебиеттерді тауып берумен қатар кеңесін айта отыратын нағыз маман. Мектепішілік көптеген конференция, пікірталас, әдеби кеш өткізіп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруда еңбегі зор.
Жанат Шапайқызы кітаптың адамзат дамуында ең жоғары құрал екендігін үнемі оқырмандар назарына салып отырады. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, әр баланың кітапхана оқырманына айналуына өз ықпалын тигізуде.
Философ Дени Дидроның «Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды» деген сөзі бар. Жан дүние жұтаңдығы – кедейліктің ең шегі. Кітап оқымайтын адам қанаты қырқылған құспен тең. Кітапты көп оқыған адамның ішкі рухани байлығы артады, сөз қоры молаяды, ойы ұшталады, парасат мен пайымы артады. Олай болса, кітапханашы қызметкерлерінің еңбегін бағалай отырып, кітап оқуды тоқтатпайық!
Гаухар СМАҒҰЛОВА,
No85 орта мектептің мұғалімі
05 қараша 2024 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031