» » «Мен оқыған бір кітап»

«Мен оқыған бір кітап»

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы аудандық кітапхана мен «Amanat» партиясы аудандық филиалы бірлесіп, «Мен оқыған бір кітап» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, кітапқа қызығушылығын арттыру, кітаптың қажеттілігін түсіндіріп, оқуға шақыру. Жобаның негізгі міндеті – оқырман өзі оқыған кітаппен бөлісіп, оқырманға ұсыну. Дөңгелек үстелге жастар, мұғалімдер, кітапханашылар қатысты. Қатысушылар арасынан кітапхана директоры К.Қаниева Е.Айдабосыновтың «Тибет аруы», №250 мектеп мұғалімдері Г.Ерназарова Ұ.Нұрғалымұлының «Дайағашшы», А.Шаймерденұлы Джоджо Майестің «До встречи с тобой», «Amanat» партиясы аудандық филиалының сарапшысы Н.Айтбайұлы Джек Лондонның «Мартин Иден», кітапханашы К.Қошманова Б.Иманғазинаның «Тауқымет» атты кітаптарын қысқаша баяндап, оқырмандарға ұсынды. Дөңгелек үстел барысында жастар арасында кітап талқылауға арналған клуб ашуға ұсыныс жасалды. Кітап оқып, талқылауға қатысамын дейтін жастарды клуб мүшесі болуға шақырамыз.
20 қаңтар 2023 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930