» » «Кітап - өз құндылығын жоғалтпайды»

«Кітап - өз құндылығын жоғалтпайды»

qarmaqshy-tany.kz Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспарланған іс-шаралар негізінде 2022-2023 оқу жылының 18 қаңтар күні сынып жетекшісі М.Ешжанованың ұйымдастыруымен «Кітап-өз құндылығын жоғалтпайды» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: адам баласының рухани құндылығы болып табылатын кітап туралы ой қозғау. Оқушылардың кітапқа деген, кітап оқуға деген құштарлықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту,жетілдіру. Пікірталас жүргізу арқылы қазіргі кітапқа қатысты проблемалық сұрақтарды талқылау,талдау. Сөздік қорды, сөз мәдениетін, сөйлеу мәдениетін жетілдірудегі кітап оқудың рөлін ұғындыру болды.
Дөңгелек үстелге мектеп кітапханашысы Ж.Құсайынова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Асқарова, Г.Ерекешова және 10 «Б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара жоспарына сәйкес сынып жетекші М.Ешжанова кіріспе сөз сөйлеп, өз баяндамасын ұсынды және де 10-сынып оқушысы М.Ермаханов дөңгелек үстелге қатысушыларға «Кітапқа қызығушылықты арттырудың алғы шарттары» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. ІІ бөлімде сынып жетекші М.Ешжанова дөңгелек үстелде тақырыпқа сай талқыланатын сұрақтармен бөлісті. «Кітап-басты құндылық» дегенді қалай түсінесіз? «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», – деп Абай атамыз айтқандай, кітап оқу барысында неге мән беру керек? Кітаптан рухани азық алып, оны өмірде пайдалану үшін қандай кітаптарды оқыған жөн? «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген Ғабит Мүсіреповтің сөзін қалай түсінесің? «Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан»дегенді қалай түсінесің? Кітапты оқып отырып, іштей қандай сұрақтарға жауап іздеген жөн? М.Әуезов «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады»,– деген тәмсілінің өзінде қандай терең мағына бар? Кітаптың пайдасы қандай? Зияны болуы мүмкін бе? Қазіргі жастар неге кітап оқымайды? Себебі... Кітапты оқу арқылы қандай өмірлік ұстанымдарды алуға болады? Қазіргі заманда жастар неге кітап оқуға қызықпайды? – деген сияқты сұрақтар төңірегінде оқушылар ой бөлісті.
19 қаңтар 2023 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031