Құрылтай
» » Кітапханашыларға кәсіби мерекеде құрмет көрсетілді

Кітапханашыларға кәсіби мерекеде құрмет көрсетілді

qarmaqshy-tany.kz  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып белгіленді.
Бүгін осы орайда аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы 24 қазан – Кітапханашылар кәсіби мерекесіне орай ауданымыздың бірқатар кітапханашы мамандарын қабылдады.
- Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан –тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтанда баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін-деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев
Салтанатты шара барысында бірқатар сала мамандары ауданымыздың рухани-ағарту жолындағы қосқан үлестері үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, кітапхана саласында 39 жыл бойы оқырмандарға қалтқысыз қызмет көрсеткен ардагер-ұстаз Тасболатова Күміс апайға ерекше құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпат табысталды.

22 қазан 2022 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31