» » Кітапхана – ақпарат пен білім ордасы

Кітапхана – ақпарат пен білім ордасы

ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДЕ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АРҚАСЫНДА КЕҢ БАЙТАҚ ЖЕРДЕ УАЙЫМ-ҚАЙҒЫСЫЗ ӨМІР СҮРІП КЕЛЕМІЗ. ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК, КЕРЕГЕСІ КЕҢ, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУЫ ҮШІН РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ МОЛ, БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУІМІЗ ҚАЖЕТ. АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ САНАСЫ ДАМИ БАСТАҒАННАН ОЛ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҢАЛЫҚҚА, БІЛУГЕ, БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҒЫ ОЯНА БАСТАҒАНДЫҒЫН ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН БІЛУГЕ БОЛАДЫ. МӘСЕЛЕН, ОЛАРДЫҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ АҚПАРАТЫ – ТАСҚА ҚАШАЛЫП САЛЫНҒАН КЕСКІНДЕРІ. ДАМУ ТАРИХЫМЫЗДА МҰНДАЙ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН БІЗ ТҮРЛІ МӘДЕНИ ЖАЗБАЛАРДАН ОҚЫП КӨРУМЕН ТАНЫСЫП КЕЛЕМІЗ. АЛ ДӘЛ СОЛ МАҒЛҰМАТТАРДЫ САҚТАП ОТЫРАТЫН БІЗДІҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІМІЗДІҢ БАРЛЫҒЫ КІТАПХАНА ДЕГЕН КЕҢІСТІКТІҢ ІШІНДЕ САҚТАУЛЫ ТҰР.
"Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге" деп Абай атамыз айтқандай кітап біздің ең құнды, баға жетпес байлығымыз болып табылады. Барлық білімді, рухани азықты, тарихи шежіремізді, мәдениетімізді осы кітаптан аламыз. Кітап пен оқырманды байланыстыратын әрине ол киелі орда кітапхана. Ол – ақпарат пен білім ордасы. Білімді қажет еткен адам кітап оқуды, ақпарат көзін кітаптан табуды, сондай-ақ өзін-өзі дамытуда кітапхана табалдырығын тоздыруға дейін баруды ойлайды. Себебі, кітапхана білім аламын деген адамның ең үлкен қолдаушысы. Ал кітап білім жолындағы адамның рухани азығы. Бүгінде сол рухани азығымызды сақтау орындары еліміздің түкпір-түкпірінде үлкенді-кішілі болып өз жұмыстарын жүргізуде. Оқырмандар үшін кітапханаларда барлық жағдай жасалған. Олар кітапханаға келіп өздеріне қажетті кітаптар алып оқып, баспасөз құралдары газет, журналдардан керекті ақпарат ала алады. Кітапханада арнаулы мерекелерде, мерейтой иелеріне арналып түрлі кітап көрмелері жасалып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылса, балалардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелер жұмыс жасайды. Осы асыл қазынамызды өмірімізге серік етіп, кітапханаға үнемі келіп, кітап оқуды әдетімізге айналдырсақ ғанибет болар еді. Кітап оқуға құштар оқырмандарымыз болса, кітапсүйер қауымның қатарына қосылуына, рухани мәдениеттің ордасы – кітапхананың есігі әрдайым ашық, құрметті оқырмандар!
Ақмарал ӘМІРӘЛИЕВА,
Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы
21 қыркүйек 2022 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031