» » Бар байлық – кітапта

Бар байлық – кітапта

"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА, ЕРІНБЕЙ ОҚЫП КӨРУГЕ" ДЕП ҰЛЫ АБАЙ АЙТҚАНДАЙ, АДАМ ӨМІРІНДЕ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ІЛІМ АЛУ, БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ. АЛ БҰЛ ЖОЛДА ЗОР ҮЛЕС ҚОСАТЫН – КІТАП. АДАМДАР ЕЖЕЛДЕН БАР БІЛІМДІ КІТАПТЫҢ ӘР ПАРАҒЫН ОҚЫП, ТҮСІНУ МЕН БІЛУ АРҚЫЛЫ АЛҒАН. АЛ ОЛ КІТАПТЫ ЖАЗУ ҮШІН АВТОРЛАР КӨП УАҚЫТ, ТІПТІ БҮКІЛ ӨМІРІН ЖҰМСАҒАН. МІНЕ, ОСЫ КІТАП ПЕН АДАМНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БҰЛ КҮНДЕГІ ДОСТЫҚ ҚАРЫМҚАТЫНАС ҚАНДАЙ?

   Қоғамда кітап туралы бір ғана пікір бар. Адамның барлығы да оның пайдасы мен қасиетті екенін мойындаған. Бірақ қазіргі қоғам арасында кітап оқылмай кетті деген пікір де айтылып жүр. Рас, білімге толы қағаз беттерін "сәннен шыққан, іш пыстырарлық және қымбат" деп санайтындарды да жоққа шығармаймыз. Алайда, бұл бүгінде кітап оқылмайды деген сөз емес. Асыл дүниені жастанып ап, оның тұңғиық та терең әлеміне еніп кетіп, өзін сондағы кейіпкер сезінетіндер де аз емес арамызда. Қайда барса да қолынан кітапты бір елі тастамай, қолы босай қалса кітап қаузауға кірісіп кететін оқырмандар баршылық. Тіпті, жарықтың жылдамдығындай болатын интернет дамыған кездің өзінде білімін кітап арқылы шыңдап жүргендерді көптеп кездестіреміз. Яғни, ХХІ ғасырда кітап әлі өз күші мен мәнін жоғалтқан жоқ.
   – Кітапханаға барып жүргеніме биыл 3 жылдан асты. Мамандығыма байланысты орталықтан арнайы кітаптар аламын. Оларды оқу арқылы кәсіптік деңгейімді жоғарылатып, білімімді шыңдаймын. Кітап оқу адамды рухани байытып, кемелдендіреді. Технология дамыған кездің өзінде де адамдар сол кітапты электронды түрде оқып жүр. Иә, әр адам өзіне кітаптың ыңғайлы түрін таңдайды. Бұл баршаға қолжетімділік. Ортамызда күніне бір кітап, жылына жүздеген кітап оқитындар бар. Біз оларды байқамағанымызбен, олар рухани тұрғыдан қарыштап дамуда. Сол себептен мен де кітапты көп оқуға тырысамын және балаларыма да кітап оқуды әдетке айналдыруды ұсынамын, – дейді орталық кітапхананың тұрақты оқырманы, шешен ұлтының өкілі Дариха Амаева.
   Шынтуайтында, "қымбат қағаздың" ғұмыры мәңгілік. Білімнің қайнар көзі толыққан сайын оқырман санасы да сәулелене түседі. Атап айтарлық, кітаптың мазмұнын бір оқығаннанақ түсініп алатындар болса, енді бірі шығарманы бірнеше рет оқыған сайын оны жаңаша қырынан таниды.
   – "Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама" деп бізге бала кезден ұстаздарымыз кітаптың құндылығын үйретті. Сол кезден бастап кітап оқуды жаныма жақын көрдім. Көбіне мамандығыма сай тарихи кітаптарды оқығанды ұнатамын. Мұндай кітаптарды оқып отырып қызықты сюжетті сезінесің, тарихи мағлұмат аласың. Одан өзге ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті ақпаратты кітаптан аламын. Әр адамның өзі сүйетін жанры болады. Сол жанрдағы кітапты ол тоқтамай оқуға даяр. Ал қазіргі қалыптасқан қоғамдық пікірді мақұлдай алмаймын. Себебі мен білетін жандардың көбісі кітап оқиды, – дейді аудандық музейдің ғылыми қызметкері Тимур Леденев.

P.S. Қағаздың бетін парақтап отырып, өміріңе бір жаңашылдық сыйлау керемет дүние. Ал сол кітаптан алған ақпарат өміріңде қажетке жараса тіптен жақсы. Сондықтан кітап оқуды әр адам қолға алып, әдетке айналдырғаны дұрыс. Ол үшін қазіргі заманда барлық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жағынан "Барлық байлық – кітапта" деп ұққан өзге ұлт өкілдерінің өнегесі көпке үлгі болса керек.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
01 мамыр 2020 ж. 2 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031