Алуан-алуан кітап бар
Қай заманда да кітаптың орны ерекше. Білімнің қайнар көзіне тұнып тұрған бұл «қымбат қазынаның» адамға берері мол. Әр парағын ақтара отыра сан алуан ақыл мен білімді ойға түйесіз. Түрлі жанрдағы жазылған әдеби кітапты оқи отыра өзіңізді сол әлемде сезініп, кітаптың басты кейіпкерінің образына енесіз. Осынша рухани байлық сыйлар кітаптың бұл күнде көптеген түрі бар. Соның ішінде ең ерекшесі туралы біле жүріңіз.
Ең қымбат кітап. Әлем бойынша бағасы шарықтап тұрған қолжазба Леонардо да Винчидің «Лестер кодексі» кітабы. Шамамен 1506-1510 жылдары Миланда жазған. Небары 18 беттен тұратын кітапты оқу үшін айнаның көмегі қажет болады. Табиғаттың түрлі құбылыстары жазылған кітаптың атауы ең алғаш тұтынушы Лестердің құрметіне орай аталған. Ол бұл құнды қағазды 1717 жылы 44,6 долларға сатып алса, 1994 жылы бәссаудада Майкрософт негізін қалаушы Билл Гейтс 30,8 млн долларға сатып алған.
Ең үлкен кітап. «Шайтандар інжілі» деп аталатын әлемдегі көлемі бойынша ең үлкен кітаптың нағыз атауы «The Codex Gidax». Кітаптың авторы мен жазу мақсаты әлі күнге дейін белгісіз. Аңыздың арқауы бойынша оны тақуалық қылмысы үшін қамауда жатқан бір сопы жазған.
Екі жақты кітап. XVI ғасырда жазылған кітапта екі оқулық біріктіріліп жазылған. Мұндай ерекше кітапты «шамдық егіздер» немесе «Twin book» деп те атайды. Ерекше түптелімнің арқасында тақырыбы жағынан мағыналас екі кітапты бір бүтін етіп біріктіруге болады.
Бос кітап. Голланд дәрігері Герман Бурхавеннің «Емшілік өнердің терең сырлары» атты кітабының ерекшелігі – барлық беті бос, ештеңе жазылмаған. Тек қана ең алғашқы бетінде «Басың тоңса да аяғыңды жылы ұста» деп жазылған. Бұл кітап авторы қайтыс болғаннан кейін, 1738 жылы 10 мың доллар алтынға сатылған.
Міне, кітап жазушылары да таң қалдырудың ретін білгендей. Кітапты жазып қана қоймай оны ерекше ету арқылы көркемдеген.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ