Иракта он үшінші ғасырда жазылған көне қолжазба табылды
Ирактың Каракош қаласында табылған көне қолжазба Италияда қалпына келтіріледі.
Бұл – Ирак пен Левант лаңкестік тобының шабуылынан кейін бүтін қалған жәдігерлердің бірі. Қасиетті кітап сириялықтардың католик ғибадатханасының астыңғы қабатында сақталған. Ол арамей тілінде шамамен он үшінші ғасырда жазылған. Қолжазба 116 беттен тұрады. Италияға әкелінген кезде кітаптың іші жәндіктерге тола болған. Жергілікті мамандар оны қалпына келтірмес бұрын қағазды зерттеуден өткізеді. Оған физиктер, химиктер, биологтар және тарихшылар атсалысып жатыр. Бұл жұмыс әлі бірнеше ай бойы жалғасады. Айта кетейік, Каракош қаласында көптеген христиан шіркеулері шоғырланған. Олардың көбін 2014 жылы лаңкестер талқандап тастады.
Мария Луиза Риккарди, реставратор:
– Бұл – діни сипатта жазылған кітап. Оның беттерінде балауыздың іздерін таптық. Қолжазбаны қалпына келтіру біз үшін қиынға соғатыны анық. Қағаз бен сия әбден ескірген. Мен мұндай жұмыспен алғаш рет айналысып жатырмын.
Мария Летиция Себастьяни, реставратор:
– Қолжазбаны ғибадатханадағы монахтар тауып алды. Қаладан жауынгерлер шығарылғаннан кейін ол кітап бізге жеткізілді. Осындай тарихи жәдіргерді қалыпқа келтіріп, иелеріне қайтару өте маңызды.