» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ШӨППЕН ЖАЗЫЛҒАН КІТАП БАР

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШӨППЕН ЖАЗЫЛҒАН КІТАП БАР

 Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінде хижра есебімен 1293 жылы басылып шығып, аяттары шөппен жазылған «Құран кәрім» кітабының түпнұсқасы сақтаулы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл дүние - рухани ордадағы ең ескі құнды жазбалардың бірегейі. Сырты арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. Құран аяттары шөппен жазылғандықтан, оның жазулары әлі күнге дейін көмескі тарта қоймаған екен.
«Ел арасында бабадан қалған мұраларды шүберекке түйіп, сандық түбінде сақтап отырған кісілер баршылық. Біз қор енді ашылған уақытта арнайы экспедициямен облыстың ауыл-аймақтарын түгел аралап, жеке тұлғаларда сақтаулы дүниелерді жинақтадық. Дегенмен, уақыт өткен сайын қолжазбаны қалпын бұзбау талаптары қиындай түседі. Сондықтан мұндай құндылығы жоғары мұраларды тиісті мекемелерге сақтауға берген дұрыс. Болмаса, қолжазбалардың бүлінуі, оқылуы күрделеніп кетуі әбден мүмкін», - дейді кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы Гүлдерайым Қосназарова.
03 наурыз 2018 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 848
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930