» » Баспасөз бен журналист беделі

Баспасөз бен журналист беделі

Адам қашанда дамудың үстінде жүрері сөзсіз. Қазіргі біздің күнделікті тұрмысымызға қажетті дүниенің бәрі дамудың, армандаудың арқасында келді. Ерте кездегі адамдар өзіне рухани қазына керек екенін білді. Бірі тасқа сурет салды, бірі ағаш жапырақтарына жазу жазды, сөйте-сөйте адамдарға күнделікті жаңалықтармен таныстыратын құрал керек болды. Ол, әрине, газет еді.
Келесі асу Ыбырай атамыз айтқандай: «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызу» болды. Адамның санасы күн сайын өсіп, жаңалықты жылдам жеткізуді көздеді. Бұл мақсат та орындалды.
Халқымыздың біртуар дара перзенті Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасырда айтып кеткен «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деген тұжырымдамасы күні бүгін де мағынасын жойған жоқ. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Солай болып та келеді. Алайда журналистің негізгі мақсаты – өз қызметінде тек қана шындықты жазып, болған жайдың дұрысы мен бұрысын айыра білу.
Негізінде шынайы демократиялық қоғамда баспасөз билігі болуы тиіс. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Мәселе – сол биліктің халыққа қызмет етуінде. Демократиялық қоғам кезеңіндегі егеменді еліміздің әлеуметтік және саяси дамуы сөзсіз ілгері басты. Көптеген ірі өзгерістер, жаңалықтар бәріміздің көз алдымызда дүниеге келіп жатыр. Алайда соның бәрінің жалпы жұртқа жария болуы, егер бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі болмаса, мүмкін болар ма еді?! Осы тұрғыдан қарағанда заманауи қоғамдағы БАҚ-тың басты парызы бұқараның санасын билеу өлшеміне қарай ауысқандығына күмән жоқ.
Еліміздің идеологиясы мен даму стратегиясын қоғам ішінде кеңінен насихаттап, ұлыстың ырысы мен ынтымағының артуына тікелей ықпал етіп келе жатқан басылымдардың қоғамда атқарып отырған қызметі ұшантеңіз. Ал осы бұқара мен билік арасында алтын көпір – журналистер. Қоғамдағы ащы шындықты, халықтың мұң-мұқтажын ел басшылығына жеткізуде де журналистердің қызметі айрықша.
Қазақ журналистикасында өз бағыты мен бағдары бар газет-журналдар, телеарналар халықпен етене жұмыс жасауда. Төртінші билік өкілі саналатын журналист қауымы қай кезде де халықтың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, туындаған мәселені жан-жақты қарауда, оны саралап, қоғамдағы түйткілді мәселеге барынша байсалды қарауға жаралған жандар. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар, тағы басқа көптеген салада шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Міне, осы тұста журналистика мен журналист қоғамының әлеуметтік институттарының бірі деп топшылауға негіз болады. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Оны әлеуметтік желідегі миллион оқырманы бар желі қолданушысымен салыстыруға әсте келмейді. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болады. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды.
Қазір қоғамда журналист пен блогерді, әлеуметтік желіні газет пен теледидармен бәсекелес ретінде қарайтын түсінік бар. Алайда қанша заман өтсе де, олар өз құндылығын жоймақ емес. Иә, ғаламтордың да пайдасы бар, оны да іске жаратыңыз. Тек, тәуелділіктен сақ болыңыз. Ал газет, қай жағынан қарасаңыз да пайдалы, әрі қолжетімді. Денсаулыққа тигізер залалы жоқ. Сондықтан халықтың көзі, құлағы һәм тілі саналатын баспасөзге баса назар аударыңыз. Газетті оқыңыз, саралаңыз, ой түйіңіз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
28 маусым 2024 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 301

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930