» » Бауыр басқан басылым

Бауыр басқан басылым

qarmaqshy-tany.kz Қазір төл басылым «Қармақшы таңы» газетіне 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығына жазылу жүруде. Көзі қарақты оқырман аудан жаңалықтарының жаршысына жарыса жазылып жатыр. Газеті уақытынан сәл кешіксе, іздеу салып, редакцияға қоңырау шалып, «қашан келеді» деп сұрап іздейтіндердің қарасы да көп. Әлбетте бұл оқырмандардың газетті тағатсыздана күтетінін көрсетпей ме?!

Газет – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез келген басылым қоғам үшін еңбек етуі тиіс. Себебі, ақпарат құралдары қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Әсіресе, газет-журнал әр кезеңдегі оқиға, құбылыстарды оқырманына дер кезінде жеткізеді. Осы үдеден шығу үшін аудан айнасына айналған төл басылым «Қармақшы таңы» газеті аудандағы айшықты жаңалықты халыққа жеткізуде 90 жылдық тарихы негізінде жұмыс істеп келеді. Ақпарат заманында толассыз жаңалықты жеткізушілер көп. Бұл қатарды мерзімді басылымдар мен газет-журналдар да толықтырады. Уақыт өткен сайын медиада өзгеріске ұшырап, түрленіп жатыр. Алайда ауданда таңдауы төл басылымға түскен ұжымдар да жетерлік. Солардың бірі – аудандық орталық кітапхана. Заман көшінен қалмай, талмай еңбектеніп жүрген аудандық орталық кітапхана қызметкерлері соңғы жаңалықтарды осы газет бетінен, қала берді ақпараттық агенттіктің сайтынан оқиды. Рухани жаңғыру, тарих пен мәдениет жайындағы мақалаларды парақтай отырып, әр нөмірін үзбей оқу мұнда әдетке айналған.
– Жыл соңында газетке жазыламыз. Бұл жылдар бойы қалыптасқан, айнымайтын үрдіс. Биыл да баспасөз науқанына атсалысу – абыройлы істің бірі. Газет – рухани азық. Газеттің қоғамдағы орнын теледидар да, радио да, интернетте те толықтыра алмайды. Сол себепті газетке жазылуды төл басылымнан бастаймыз. Себебі ауданның жаңалықтарын газеттен бірінші болып оқимыз. Әрі ұжым болып бірауыздан жазыламыз. Газет-журнал ды кішкентайынан оқып өскен адамнан қазір газет керек пе деп сұрамаса да болады. Өйткені газет керек. Оны қолмен ұстап оқығанға не жетсін?! Ауданымыздың айнасы "Қармақшы таңы" газетінің әрбір санын қалт жібермей, аудан жаңалықтарын оқу үшін асыға күтеміз. Аудан кітапханашылары газеттің тұрақты оқырмандары. "Газет – халықтың көзі, құлағы hәм тілі" деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, сүйікті басылымымыздың жазар жақсы жаңалықтары көп болсын. Аудан жұртшылығын өңіріміздің төл басылымына жазылуға шақырамыз, – дейді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева. Иә, жергілікті газетті жерлестер асыға күтетіні шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайды. Кітапхана қызметкерлерінің газетке деген көзқарасы, ұжымын да руханиятқа қарай жетелеуі, әріптестерінің бірлігі, ауызбіршілігі тәнті етті. Рухани ошақ саналатын кітапхана жұмысына біз де сәттілік пен табысты еңбек тілелік.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 желтоқсан 2022 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031