» » Аудан айнасына құрмет

Аудан айнасына құрмет


Қазір төл басылым «Қармақшы таңы» газетіне келер жылдың алғашқы жартыжылдығына жазылу жүріп жатқан уақыт. Көзі қарақты оқырман аудан жаңалықтарының жаршысына жарыса жазылуда. Осы ретте, аудандық басылымға қариялардың асыға жазылатынын айта кеткеніміз жөн. Солардың бірі – Ақгүл Мусаева.
Ол 1943 жылы Байқоңыр қаласында өмірге келген. 1962 жылдары Жосалы кентіне қоныс аударып, осындағы зауытта қызмет етеді. Осында өсіп-өніп талай жақсылықтың куәсі болады.
– 50 жыл отасқан соң жұбайым осыдан 10 жыл бұрын дүниеден озды. Балаларым жан-жақта. Жақсы қызметтер атқарады. Аллаға шүкір, жаман емеспіз. Қазір 10 немерем мен 10 шөберем бар. Бау-бақша егіп, банка жабамын. Күйеуімнің кітаптарын оқимын. Аудан айнасын да жібермеймін. Әр жартыжылдық басталарда зейнет­ақымнан міндетті түрде жазыламын. Ес білгелі серігіме айналды. Сонау кезгі «Коммунизм шамшырағынан» бері бұл газет қолымнан түскен емес. Соңғы уақыттары К.Рүстембеков, Ж.Жәкеев, А.Қанатбаев жайында мақалалар шығып жатыр. Қызығып оқыдым. Одан бөлек жақсы-жақсы әңгімелер шығып тұрады. Бүгінгі қоғамда «газеттің қолданыс аясы тарылып барады» деген түсінік қалыптасуда. Бірақ, бұл қате пікір. Аудандық газет өз кезегінде аймақ жаңалықтарын қалт жібермейді және халық та асыға күтіп оқитын басылым, – дейді тұрақты оқырманымыз.
Әжеміздің үйіне барғанда біздің газеттің ең жақын оқырманы екенін байқадық. Өйткені биылғы газет сандарын бірінің үстіне бірін түп-түзу етіп жинап қойыпты. Әлі күнге дейін көзілдіріксіз оқиды екен. Тіпті газеттің ескі сандарын да осы кезге дейін сақтап келген. Осыдан-ақ қарт ананың аудан айнасына деген құрметін анық аңғарасың.
Айта кеткен жөн, ауданда 90-нан аса жалғызбасты қария бар. Ішінде газетіміздің сүйікті оқырмандары жеткілікті. Сол қарияларға демеу ретінде қайырымды жандардың көмегімен газетке жаздыру науқаны басталды. Жаңа жылдың бірінші жартыжылдығына аудандағы жаны жомарт жандар енді қарияларды апта са­йын тегін газетпен қуантпақ.
Айнұр ӘЛИ
01 желтоқсан 2021 ж. 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031