» » Ұжыммен жазылу үрдіске айналған

Ұжыммен жазылу үрдіске айналған

Газет – рухани азық. Оның қоғамдағы орнын теледидар да, радио да, интернет те толықтыра алмайды. Алайда ақпарат ағымы өркендеген бүгінгі таңда баспа басылымдарына сұраныс азайғаны белгілі. Десе де іздеп жүріп оқитын, арнайы келіп жазылатын оқырмандар да жетерлік. Аудан айнасына тұрақты түрде жазылып, туған мекеннің тіршілігімен танысып отыруды әдетке айналдырған ұжымның бірі – №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы.
Мұнда бүлдіршіндерге сапалы тәрбие беріп, білімнің алғашқы баспалдағын аттатып жүрген 59 қызметкер еңбек етеді. Мақсаты – елдің болашақ ұландарын тәрбиелеу. Жүгі ауыр, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты таңдаған, әрбір үйдің еркесін тезге салып, бала жанының бағдаршамына айналған жандар қолы қалт еткенде өңір басылымына көз жүгіртеді. Жақсы жаңалыққа қуанып, алар тәлімі болса ойға тоқиды. Жыл сайын ұжым болып, аудан басылымына түгелдей жазылады. Себебі олар жаңашыл ұрпақ тәрбиелеп отырған ізденімпаз жандар.
– Туған өлкеміздің тынысына айналған жергілікті басылымға жыл сайын міндетті түрде жазыламыз. Газет бетінен ауылдастарымыз бен тума-туыс, таныстарымыздың жетістіктерін көріп, төбеміз көкке жеткендей мәз боламыз. Айта кеткен жөн, жастар жағына газеттің сайтымен қоса, фейсбук, инс­таграм әлеуметтік желілерінде жария­ланып отыратын материалдардың электронды нұсқасы тіптен қолайлы. Ол ақпаратқа қолжетімділікті мейілінше арттырды, компьютер, планшет немесе ұялы телефоннан кіріп-ақ жаңалықтарға алғашқылардың бірі болып көз жүгіртуге толық мүмкіндік туды. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі тойы қарсаңындағы тартымды материалдар үлкен-кішінің көңілінен шығып жатыр деген ойдамыз. Келер жылы 90 жасқа толатын төл басылымымыз әр шаңырақтың төріне озып, жаңалықтармен оқырмандарын қуанта бергей деген тілегіміз бар, – дейді бөбекжай-бақша меңгерушісі Гүлзира Шәймерденқызы.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
01 маусым 2021 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930