» » Бала денсаулығы баршамызға ортақ

Бала денсаулығы баршамызға ортақ

Тәуелсіз елдің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің басты назарында. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында Жосалы кентінде орналасқан №2 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Тәй-тәй басқан сәбиден, ересек топқа дейінгі балалармен жаңа талапқа сай жұмыс жүргізу көп ізденісті талап етеді.


Баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы болып қалыптасуы мектепке дейінгі жастан басталады. Бөбекжай-бақшада оқу-тәрбие жұмыстары кешенді түрде жаңа мемлекеттік стандарттың талаптарына сай жүргізіледі. Жалпы ұлттық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаты: негізгі құзіреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту.


Мағжан Жұмабаевтың: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген асыл сөзін қағида ете отырып, әр бала тәрбиесіне айрықша мән береміз. Баланың жеке тұлғасы бастау алатын бұл кезең әрі маңызды, әрі қызықты. Балабақшаның табалдырығын аттағаннан ақ балалардың өмірі айтарлықтай өзгереді. Біз балалардың бақшаға бейімделгеннен кейін олардың даму қарқынының жылдамдайтынын байқаймыз. Балалардың өз бетінше жасайтын әрекеті жетіле түседі, тілі дамиды, тәрбиешімен, өзге балалармен сенімді қарым –қатынас жасай бастайды.


Қазіргі таңда елімізде бүкіләлемдік эпидемиологиялық ахуал орын алды. Бұл мәселе ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. Осыған байланысты бала денсаулығын нығайту іс – шаралары жақсы жолға қойылған. Арнаулы мамандар мен тәрбиешілердің қырағылығымен бала өмірінің қауіпсіздігі – басты назарда. Бөбекжай-бақшамызда санитарлық талаптар қатаң сақталған. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, өмірге қабілеттілігін арттыруда еңбек етіп жүрген тәрбиешілер мен ұжымымыздың еңбегі ұшан теңіз.


Ендігі кезекте ата-ана мен балабақша арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі мен денсаулығы екенін жақсы білеміз. Ата-ана үшін бала – оның үміті, өмірінің жалғасы, мақтанышы, болашағы болса, балабақшадағы тәрбиешілер үшін еңбегінің жемісі. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана мен тәрбиеші тығыз байланыста болып, оның тәрбиесі мен денсаулығына бірдей жауапты болуы тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, дені сау болуына байланысты.

Майра АБДУЛЛАЕВА,
№2 «Жұлдыз» бөбекжай- бақшасының
тәрбиешісі

24 қазан 2020 ж. 1 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031