» » Болашақ балабақшада қалыптасады

Болашақ балабақшада қалыптасады

Елімізде білім беру саласының басты бағытының бірі – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Себебі бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік арқалайды. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтап, саналы да парасатты болып өсуінің кілті балабақшадан бастау алады.

Ауданда 39 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 24 мемлекеттік, 13 жекеменшік балабақша, 2 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық саналы ұрпақтың өсуіне барын салуда. Аталған 24 мемлекеттік балабақшада – 2373, 13 жеке меншік балабақшада – 767, 2 толық күндік шағын орталықта – 56, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарда – 1056, барлығы 1-6 жас аралығындағы 4252 бала мектепке дейін тәрбиелеу орталықтарында қамтылған.
Жас бүлдіршіндердің жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерінің алғашқы қадамдарының меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мен тәрбие мазмұнын құру – балабақша үшін өзекті мәселе. Аудан көлемінде осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан балабақшалар баршылық. Атап айтсақ, кент орталығындағы №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, №5 «Айгөлек», Ақай ауылындағы №19 «Балдәурен», №23 «Балдырған» бөбекжай-бақшаларының оқу қызметінде ТРИЗ, монтессори, воскобович, фребель, ойын технологияларын қолданады. Әр топтың жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық материалдар толығымен қамтылған. Интерактивті тақтаны тәрбиешілер оқу қызметінде еркін пайдалануда. 3D суретті көруге арналған виртуалды шынайылық көзілдірігі, «TOMPAQ» атты баланы дамытатын және сергітетін сенсорлы экранды планшет құрылғысы, Дьенеше логикалық бөлшектері, Кюизенер таяқшаларын тәрбиешілер күнделікті оқу қызметінде баланың ойлау қабілетін дамыту мақсатында қолдануда. Күннің екінші жартысында баланың бойын сергіту, ұсақ қол моторикасын дамыту және топтасып жұмыс істеуге арналған «Робототехника» кабинеті жабдықталған, онда балалар тәрбиешінің көмегімен қызыға, әрі бірлесе жұмыс істейді. Бұл кабинет баланың ойлау қабілетін арттыратын әртүрлі материалдық базамен қамтылған. Бүгінгі күні баланың жас ерекшелігіне сәйкес шахмат, ағылшын, би өнері үйірмелері жұмыс істеуде. Осындай атқарылып жатқан жүйелі жұмысты көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинарлар тұрақты өткізіледі. Мысалы, биыл Ақай ауылында №23 «Балдырған», Төретам кентіндегі №22 «Гаухартас», Жосалы кентіндегі №1 санаториялық бөбекжай-бақшаларында өткізілсе, жаңа оқу жылында №19 «Балдәурен», №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшаларында өткізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін балабақша ұстаздары мен тәрбиешілерге үлкен жауапкершілік артылуда. Себебі олар әр баланың ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншілігі мен қабілетінің дамуына жағдай жасауы шарт. Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектің балабақшадан бастап бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын бүлдіршін балабақша қабырғасында жүріп үйренуі тиіс. Осы мақсатты жанына жалау етіп, ел болашағының білімге деген алғашқы қадамын қалыптастырушы балабақшаның талапқа сай болуы – қашан да басты назарда. Мемлекетіміздің жарқын болашағын қалыптастыратын жастардың рухани-мәдени, ілім-білім іргетасы осы балабақшада қалыптасып, бүр жаратынын ерекше атағым келеді.
Мария ТӨРЕШОВА,
аудандық білім бөлімінің білім беруді
дамыту секторының бас маманы
30 мамыр 2020 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031