Ел болашағы білімді жастарда
Білім: Ауданда 2018-2019 оқу жылында 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс істейді. Ауданда үш ауысымда оқитын және апаттық жағдайдағы мектеп жоқ. Мектептерде 755 сынып жиынтығында 14294 оқушы білім алуда. Оларға 1962 педагог дәріс береді. Педагогтардың 1777-і жоғары білімді, 185-і арнаулы орта білімді. (Біліктілік санаты бойынша: 57 педагог-зерттеуші, 235 жоғары санатты педагог, 135 педагог-сарапшы, 632 І санатты педагог, 99 педагог-модератор, 417-і ІІ санатты педагог және 387 санатсыз педагог еңбек етеді.) Жаңа біліктілік санаты бойынша тестілеуден өткен 291 педагог қызметкерлерге біліктілік санаттары бойынша жалақыларына тиісті пайыздық үстемақы 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап берілуде. 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8 сынып оқушылары кезеңіне сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнына толығымен көшті. Оқушыларды жаңа оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында – 157 млн. теңгеге 147 616 дана оқулық сатып алынды. Ағылшын тілінде терминологиялық бағытта жаратылыстану пәндері (информатика, биология, химия, физика) бойынша тілдік курстардан аудан бойынша 44 мұғалім білімін жетілдіріп, 19 мұғалім дәріс беруде. Бұл бағытта дәріс берген мұғалімдердің жалақысына қосымша 35 мың теңге үстемақы төленуде. Сонымен қатар, барлық мектепке электронды күнделік жүйесі толығымен енгізілді.
2017-2018 оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 652 түлектің 458-і (70,2%) Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа 83,7 балды құрады. Биылғы жылы 652 бітірушіден, 310 оқушы (47,5%) жоғарғы оқу орнының грантын иеленді. Жалпы өткен жылы мектеп бітірген 652 оқушының 645-і жоғары және арнаулы орта оқу орындарына орналасты. 2018 жылы 157 бітіруші жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік грант иегері, 96 бітіруші «Серпін» бағдарламасымен жоғарғы оқу орындарының грант иегері, 25 бітіруші облыс әкімі Қ.Көшербаевтың грант иегері, 9 бітіруші жоғарғы оқу орындары ректорының грант иегері, 4 бітіруші әскери грант иегері, 12 бітіруші шетел оқу орындарының грант иегері атанды.
2017-2018 оқу жылының қорытындысымен 25 бітіруші «Алтын белгіге», 17 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 15 мектептен 27 оқушы қатысып, 12 оқушы жеңімпаз атанып, нәтижесімен облыс бойынша Қармақшы ауданы командалық есепте 2 орынға ие болды. Олардың 7-еуі республикалық олимпиадаға қатысып, 3-інші жүлделі орынмен оралды.
2018 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 98,9 млн. теңге қаралып, қажетті құрал жабдықтар мен пәндік кабинеттермен жабдықталды.
Химия кабинетіне 39,2 млн. теңге, физика кабинетіне 42,6 млн. теңге, биология кабинетіне 17,1 млн. теңге. Қазіргі таңда аталған кабинеттермен білім ұйымдары оқу процесінде пайдалануда. Сонымен қатар 10 мектепке робототехника кабинеті берілді.
Сонымен бірге, аудандық оқушылар үйі жанынан «IT» парктер ашу үшін «3D» және цифрлы лабораториялық білім беру кабинеті пайдалануға беріліп, қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Аудандағы білім мекемелері ғимараттарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 54,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен атқарылды. №183 мектептің ескі ғимаратына – 39,8 млн. теңге, №106 мектеп ғимаратының сыртқы фасадына – 10,5 млн. теңге, №274 мектептің ішінара терезелерін ауыстыруға – 3,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда ауданда 34 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Оның 32-сі балабақша болса, 2-еуі шағын орталық. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы бөбекжай балабақшаларында 2-3 жас аралығында 1264 бала бар. 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылған. Қазіргі уақытта барлық балабақша «электронды балабақша» жүйесіне қосылған.
Пікір 1