» » Алғашқы аудан айшығы

Алғашқы аудан айшығы



Көпшілікке қазір қолымыздағы смартфонсыз, ондағы ғаламторсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Себебі де сол шұғыл ақпартты осы әлеуметтік желіден таба алады. Дегенмен «Интернет ақтарғаннан гөрі газет-журнал оқыған әлдеқайда ыңғайлы» дейтіндер де аз емес. Солардың бірі – Меруерт Бөгенбаева.
Ол аудандық балалар кітапханасында қызмет атқарады. Басылымның әр нөмірін үзбей оқиды. Мектептегі оқушы күнінен бас­тап газет беттерін парақтаған ол әлі күнге дейін басылымның тұрақты оқырманы екенін жасырмады. «Әр шаңырақтың төрінде – төл басылым болуы керек» дейді ол сөз арасында.
– Үйде барлығымыз газеттің тұрақты оқырманымыз. Жаңа саны шыққан сайын бірінші болып оқуға тырысамыз. Газетті қолға ұстап, иісін сезіп оқығанға не жетсін?! Ой-өрісің кеңейіп, жан-дүниеңді байытады. Әсілінде шағын экранның арғы жағындағы кейбір жұтаң дүниелерді көргеннен ел ішіндегі жаңалықты, елеулі оқиғаны, рухани-танымдық мақалаларды газет арқылы қолыңа ұстап оқығанның орны тым бөлек. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өспесін десек, газеттен бас тартпауымыз керек-ақ. Қазір қағазға басылған ақпараттардың қоғамдағы рөлі зор. Газетте жарияланған материалдар сенімді, орнықты. «Қармақшы таңы» несімен ұнайды дегенде, ең әуелі оның қаз-қалпындағы әңгімелері жарық көретін беттерін айтар едім. Қызықты әңгімелер, жергілікті авторлардың шығармалары, өлеңдері жиі жарық көріп жүр. Бұрын білмегенімізді осы газет беттерінен тауып аламыз. Газеттің қоғамдағы орнын теледидар, радио, интернет те толықтыра алмайды, – дейді Меруерт ­Талғатқызы.
Баспасөзге жазылу – ерікті. Бүгінгідей оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде боямасыз ақпарат алғысы келген халық газетке жазылудан қалыс қалмасы анық. Өңір өмірі – басылым беттерінде.
Айнұр ӘЛИ
15 мамыр 2021 ж. 1 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031