» » » Басылымның ақ жаулықты оқырманы

Басылымның ақ жаулықты оқырманы

Интернет пен теледидар тұрғанда газет оқудың пайдасы бар ма? Себебі желі мен көк экраннан алған ақпарат жадыда аз ғана уақытқа сақталады. Айналада болып жатқан оқиғаның анық-қанығын білу үшін газет бетіндегі мақалалар тиімдірек. Газет оқудың пайдасы көп болғаны сонша көп уақыт өтсе де өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Оның өмірсүйгіштігі соншалық, интернет пен теледидармен бірге қызмет етуде. Ал басты ерекшелігі – жарнама аз, оқиға мен кейіпкерге (сізге де) арналған орын көп. Өзінің тұрақты оқырмандары да аз емес.
Біздің «Қармақшы таңының» ерекше оқырмандарының бірі – Кәмпит Қаниева. 1934 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген апамыз әлі күнге дейін газеттің әр санын қалт жібермейді. Бір кездері аудандық туберкулезге қарсы күрес ауруханасында қызмет еткен ол қай кезде де басылымның жанашыры болған.
– Газет бетінен аудандағы жағымды жаңалықтарды, жаңа бастамаларды біліп отырамын. Басылым бетінде тағылымы мол мақала, естелік жазбалар көп. Соның бірін қалдырмай қызықтап оқимын. Жалпы газет-кітап оқу адамды уақыт ағымынан алысқа апармауға, ақыл-парасатын дамытуға көп көмектеседі. Көзі ашық адам болу үшін көп оқу керек, – дейді әлі күнге дейін газетті көзілдіріксіз оқитын Кәмпит әжеміз.
7 бала тәрбиелеген «Алтын алқалы» ананың 16 немересі мен 22 шөбересі бар. Сұрапыл жылдары тылда еңбек еткен ардагер Кәмпит апа балаларына ақыл айтып, өмірдің оңы мен солын түсіндіріп отырады. Міне, соның нәтижесінде көпті көрген ананың балалары өмірден өз орнын тауып үлгерген. 30 жыл ұстаз болған үлкен ұлы Сәбит қазір зейнеткер. «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанған қызы Рая – дәрігерлік қызмет атқарса, Қызылордада тұратын Клара есімді қызы облыстық сотта қызмет етеді. Талай жанды рухани байытып жүрген аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниева да Кәмпит апаның қызы. Кенже ұлы Қайрат аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінде сектор меңгерушісі.
1993 жылы екінші ұлы Саметтен, 1994 жылы Құдай қосқан жары Бөгенбайдан айырылса да ана тағдырдың жазғанына көніп, балаларының бақыты үшін бар қиындыққа төтеп берген.
– Өзгеге ақыл айту үшін өзіңнің ақылың болуы керек. Ал ақылдың, тәлім мен тәрбиенің тұнып тұрған жері – кітап пен газеттің парақтары. Бұл күнде ұл-қыздарым өз алдына отбасы болып, өмірден орнын тапты. Барлығы да жауапты қызметте еңбектеніп жатыр. Олардың мұндай деңгейге жетуіне менің ықпалым бар шығар, – дейді 84 жастағы Кәмпит Егізбайқызы.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
31 шілде 2020 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031