» » Ойлы оқырман - газет олжасы

Ойлы оқырман - газет олжасы


Аудан айнасына айналған газетіміздің тұрақты оқырманының бірі – Қаныкүл Ыбырайқызы. Ол газеттің бір де бір санын құр жібермейді. Апаның жасы бүгінде сексен үште. Әйтсе де ол газетті көзілдіріксіз оқиды.
Біз сәлемдесіп, амандық сұрасқан соң, апа оң жақ қапталындағы жиюлы тұрған газеттерді шығарды. Бір қызығы, әженің есте сақтау қабілеті де өте жақсы. Қай мақаланың қай жерде тұрғанын анық біледі.
– Бала күнімнен газет-журнал, кітапты сүйіп оқимын. Қазіргі жастарға тіптен таңырқай қараймын. Кітап оқи бермейді. Солардың қалай таң атырып, кеш батыратынын ұқпаймын. Жаңалықтың жаршысы болған "Қармақшы таңының" тұрақты оқырманымын. Көптен бері жазылып оқимыз. Газет оқымасам, бір дүние кем боп тұрғандай көрінеді. Газет аяқтың астына тастай салатын оңай дүние емес. Бұл қаншама еңбектің жұмысы. Газет бетінде қанша адамның тағдыры, бейнесі, суреті салынады. Ата тарихымыздан үзінділер де кездеседі. Сондықтан оның әр нөмірін сақтап, жинап жүремін, – дейді әжей.
– Апа теледидар мен газеттен елде, әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болып отырады. Барлық оқып-білгенін бізге айтады. Жаңалықты осы кісіден білеміз, – дейді шаңырақтың үлкен келіні.
Еңбек жолын жол саласынан бастаған ол өзінің табандылығымен, қайсарлығымен ерекше көзге түскен. Сол үшін де «Үздік жол құрылысшысы» деген төсбелгіні кеудесіне тақты. 1969 жылдан бастап ауданның көпсалалы мекемесінде, түнгі ауысымдағы кезекші дүкендерінде сатушы болып жұмыс істейді. Есепке де епті әжеміз 1973 жылы «Сырдария» дүкені ашылып, сонда 1976 жылға дейін еңбек етеді. Бұл сол кездегі аудандағы ең бірінші әрі ең үлкен дүкен болған. 1980 жылдан бастап 1992 жылға дейін екі ауысыммен жұмыс істейтін «Жайна» тігін фабрикасының филиалында бригадир болған. Осы еңбек жолымен зейнетке шыққан.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді. Әже – шаңырақтың ұйытқысы, берекесін ұстап отыр. Газеттегі танымдық материалдарды оқып, мазмұнын айтып береді. Газеттің біреуі орнында жоқ болса, мынаның 58-саны жоқ деп бәрін мұқият қарап отырады. Біз де әженің бұл әдетіне үйренгенбіз, газетті жоғары қоямыз» дейді немере келіні Баршагүл.
Әңгімені апаның телефонындағы дыбыс бөліп жіберді.
– Құптан намазының уақыты кіріп қапты.
– Апа, қолыңыздағы телефон айфон емес пе?
– Иә, балалар осындай смартфонға үйретті ғой. Мұның пайдасы да көп екен. Көріп отырсың, намаз уақытының бәрін көрсетіп тұрады. Ал WhatsApp-та ағайын-туысқандар жиналған чат бар. Бәрін үйреніп алғанмын. Тіпті балаларыммен бейнеқоңырау арқылы да сөйлесемін, – дейді ол.
Иә, кейіпкеріміз сексеннің сеңгіріне шықса да заманға ілесіп өмір сүріп жатқанына қарап қалай қуанбайсыз?
– Қайсыбір үйге барсаң, үйіне мүлде газет келмейді. Ең болмағанда бір басылым алмай, қалай өмір сүреді екен деп ойға қаламын. Жасымыздың ұлғайып қалғанына қарамастан газетті үзбей оқимыз, – дейді әжей.
Бүгінде Қаныкүл әже бала-шағасының ортасында, шөбере қызығын көріп отыр. Бүгінде 25 немересі, 47 шөбересіне ақылшы болып отырған әже бізге де ақ батасын беріп, шығарып салды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
10 қараша 2020 ж. 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031