» » Біз бауыр басқан басылым

Біз бауыр басқан басылым

ЖАЗЫЛҒАН ГАЗЕТІ КЕЛЕТІН УАҚЫТЫНАН СӘЛ КЕШІКСЕ, ІЗДЕУ САЛЫП, РЕДАКЦИЯҒА БЕТ БҰРАТЫНДАР, ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП, «ҚАШАН КЕЛЕДІ» ДЕП ТҰРАТЫНДАР КӨП. ӘЛБЕТТЕ БҰЛ ГАЗЕТТІҢ ОҚЫРМАНЫНА АСА ҚАЖЕТ ӘРІ ОЛАРДЫҢ ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТЕТІНІН КӨРСЕТЕДІ. КЕЙДЕ ГАЗЕТ ҚАРАЙТЫНДАР АЗ, БӘРІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕГІ МАҒЛҰМАТТАРҒА КӨЗ ТАСТАЙДЫ ДЕЙМІЗ.
Дегенмен жаңалыққа толы, қоғамдық пікір қалыптастыруға, мемлекеттік, әлеу­меттік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын та­нытуға бағытталған, рухани байлы­ғымызды сақтау мен құрметтеуге негіз­делген ақпараттарға толы басылымды қолға ұстап, сезініп, оны ойға тоқудың жөні бір бөлек. Әсіресе 90 жылдық тарихы бар аудан айнасына деген сұраныс күн өткен сайын артпаса, кемімек емес. Елде өткен небір зобалаң мен соғыс жылдарында да газет тоқтаусыз жарық көріп, өз оқырманымен бірге жасап келеді.
Қазір баспасөз айлығының нағыз қызған шағы. Тұрғындар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына белсенді жазылуда. Біз жомарт, қайырымды жандардан кенде еместігімізге осындайда тағы бір көз жеткізіп, қуанып қалатынымыз бар. 5-10 ардагерді, 15-20 әлеуеті әлжуаз отбасын аудан жаңалығынан құр қалмасын деп газетке жаздырып беріп жатқан кәсіпкерлер, азаматтар бар.
Желтоқсан жетпей газетке толы­ғымен жазылып қойған мекемелер мен ұжымдар да аз емес. Соның бірі – көпұлтты ІІІ Интернационал ауы­лындағы «Достық» балабақшасы.
– «Қармақшы таңы» газетінде ауылымыздың жаңалықтары, еңбек адамдары, Қазақстан халқы Ассамблея­сы жанындағы қоғамдық кеңестің ауы­лымызда өткізген іс-шаралары жиі жарияланып тұрады. Білімнің бастауы балабақшадан басталады. Бүлдіршіндер мекені 1950 жылы салынған. 2 топта 50 бала тәрбиеленеді. «Қызғалдақ» тобында 3-4 жастағы, «Колокольчик» тобында 4-5 жастағы балалар зерек, ақылды, мейірімді, бауырмал болып өсіп келеді. Біздегі 6 педагог, 13 техникалық қызметкер газетке өз еркімізбен жазылдық. Білім беру саласында еңбек еткен әрқайсысымыз аудан, облыс, елдегі жаңалықтарға құлақ түріп, хабардар болып жүргеніміз дұрыс. Кейбір қызметкерлер тіпті «Қармақшы таңына» көптеп жазылып жатады. Біз олардың таңдауына қарсы келмейміз. Сонымен қатар қазіргі басылымның бет бейнесі бөлек, ой саларлық, танымдық дүниелері өмірге деген құштарлықтың жаршысы секілді қуат ұялатады. Қаламы жүйрік жас журналистердің сан алуан тақырыпты қозғауы – оқырмандар легін көбейтіп, шынайы ықыласқа бөлейді деп ойлаймын. Біз бауыр басқан басылыммен байланысымызды үзбейміз, – дейді балабақша меңгерушісі Ақерке Рахметова.
Иә, балабақша меңгерушісінің газетке деген көзқарасы, ұжымын да руханиятқа қарай жетелеуі, әріптестерінің оған құрметі, ауызбіршілігі тәнті етті. Білім ордасына біз де сәттілік пен табысты еңбек тілейміз.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА

04 желтоқсан 2021 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031