» » «Төл газетке түгел жазыламыз»

«Төл газетке түгел жазыламыз»

qarmaqshy-tany.kz ҚАЗІР АУДАН ХАЛҚЫНЫҢ АЙНАСЫНА АЙНАЛҒАН "ҚАРМАҚШЫ ТАҢЫ" ГАЗЕТІНЕ КЕЛЕР ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП ЖАТЫР. КӨЗІ ҚАРАҚТЫ ОҚЫРМАН ГАЗЕТІМІЗГЕ ЖАРЫСА ЖАЗЫЛУДА. АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМҒА ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН БІРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ МЕН ҰЖЫМДАР ДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА.
Аудан айнасына тұрақты түрде жазылып, туған мекеннің тіршілігімен танысып отыруды әдетке айналдырған ұжымның бірі – Жыраулар үйі. Жаңалыққа жаны құмар сала мамандары жыл сайын ұжым болып басылымға түгелдей жазылады. Айгерім Ешбаева басқаратын іргелі ұжым биыл да төл газетке жазылып, қалыптасқан үрдісті лайықты жалғастырып келеді.
Заман көшінен қалмай, талмай еңбектеніп жүрген жыраулар үйі қызметкерлері соңғы жаңалықтарды осы газет бетінен, қала берді сайттан оқиды. Рухани жаңғыру, тарих пен мәдениет жайындағы мақалаларды парақтай отырып, әр нөмірін үзбей оқу мұнда әдетке айналған.
– «Қармақшы таңы» – аудандағы бетке ұстар басылым. 90 жылдық тарихы бар, аудан айнасына айналған мерзімді басылымға ұжыммен тұрақты түрде жазыламыз. Оның ішінде, аудан жаңалықтарын уақытылы халыққа жеткізіп отырған газеттің әрбір нөмірін қалт жібермейміз. Сонымен қатар қазіргі басылымның бет бейнесі бөлек, ой саларлық, танымдық дүниелері өмірге деген құштарлықтың жаршысы секілді қуат ұялатады. Қаламы жүйрік жас журналистердің сан алуан тақырыпты қозғауы – оқырмандар легін көбейтіп, шынайы ықыласқа бөлейді. Аудандық газет өз кезегінде аймақ жаңалығын қалт жібермейді және халық та оны асыға күтіп оқиды. Аудан жұртшылығын өңіріміздің төл басылымына жазылуға шақырамыз, – дейді сала мамандары.
Иә, жергілікті газетті жерлестер асыға күтетіні шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайды. Бұл күнде 90 жылдық тарихы бар «Қармақшы таңының» ұжымы осындай ойлы да жанашыр оқырмандары үшін тынбай еңбек ете береді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 қараша 2022 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930