» » Баспасөзге бағамыз жоғары

Баспасөзге бағамыз жоғары

Қазіргі нарықтық заманда өмірді бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Соның ішінде елдің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда төл басылымның рөлі қашанда жоғары. Газет билік пен халық арасын жалғап тұрған алтын көпір. Қала берді қоғамдық ойды қозғаушы күш. Сонымен қатар, газет сол өңірдің қағазға хатталған шежіресі, тарихы. Алаш ұлдарының бірі – Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің ертеңі мықты» деп кезінде айтып та кеткен.
Бүгінде жергілікті өңірдің үнжариясына айналған басылымды шын жанашырлары қолдаудан кенде емес. Көзі қарақты оқырман аудан жаңалықтарының жаршысына жарыса жазылуда. Соның бірі – төл басылымға қашанда төрі дайын аудандағы No10 өрт сөндіру бөлімі.
– Жергілікті жердің тынысына айналған төл басылымға жыл сайын ұжыммен міндетті түрде жазыламыз. Себебі ауданда біз естімеген жақсы жаңалықтарды газет бетінен оқып, біліп жатамыз. Қазір әлеуметтік желіде іздеген барлық ақпаратыңды таба алуың мүмкін. Алайда ол рухани құндылықтың орнын баса алмайды. Мәселен, қазір кітап оқу деңгейі төмендеп бара жатқаны рас. Осы ретте газет елде және жаһанда болып жатқан оқиғаларды, танымдық ақпаратты халыққа жеткізіп отырған бірден-бір құрал. Сондықтан әрбір оқырман өзіне керекті ақпаратты алуда газет бетін парақтай ашып оқиды деп айта аламын, – дейді бөлім басшысы Еркебұлан Қорықбаев.
Аудандағы No10 өрт сөндіру бөлімінде 35 қызметкер еңбек етсе, әрбірі төл басылымның тұрақты оқырманы. Жүгі ауыр, қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық иелері өңірдің жаңалықтарын бір сәтке қалт жібермейді. Сонымен қатар газет бетінен жаңашылдықты күтетінін айтып, басылымға қатысты өз ойларымен де бөлісті.
– Қазір кей оқырман аудан ішіндегі салалармен толық таныс емес. Сол үшін әр мекеменің тынысы жайлы, ондағы қызметкерлердің еңбектері жиі шығып тұрса дейміз. Себебі жұмыссыз жүрген жандар, болашақ маман иелері мекеменің жұмысымен басылым арқылы танысып, сол мамандыққа қызығушылығы оянады деп ойлаймыз, – дейді өрт саласының ұжымы.
Иә, баспасөз – ел өмірінің айнасы. Төл басылымның жан серігіне айналған бүгінгі күннің батырлары баспасөзге жазылуды мәртебелі іс деп біледі.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
08 қазан 2022 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031