» » Орны бөлек басылым

Орны бөлек басылым

ҚАЗІР АҚПАРАТТЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ДӘУІРІ ДҮРІЛДЕП ТҰР. ЖАҢАЛЫҚТЫ КІМ ҚАЛАЙ, ҚАЙДАН АЛЫП ОҚИМЫН ДЕСЕ ДЕ МҮМКІНДІК КӨП. ҚОЛЫҢЫЗДАҒЫ СМАРТФОНҒА КЕРЕГІҢІЗДІ ЖАЗЫП, БЕТІН БІР СИПАСАҢЫЗ «МӘРХАБАТ» ІЗДЕГЕНІҢІЗ ДАЙЫН-АҚ. БІРАҚ КЕЙДЕ СІЗ ІЗДЕГЕН АҚПАРАТ МАРДЫМСЫЗ БОЛУЫ ДА МҮМКІН. ОСЫНДАЙДА ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ТІЛІ ҺӘМ ҚҰЛАҒЫ БОЛҒАН ГАЗЕТТІҢ ОРНЫ ҚАШАНДА БӨЛЕК. СЕБЕБІ ҚАЛЫҢ ОҚЫРМАН ШЫНАЙЫ АҚПАРАТТЫ ӘЛІ ДЕ БАСЫЛЫМ БЕТІНЕН ІЗДЕЙТІНІ АЙТПАСА ДА БЕЛГІЛІ. ЕЛДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН БАҒАМДАП, ОНЫ ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗІП, КЕРЕГІНЕ ЖАРАТАТЫН ДА ХАЛЫҚ.
Жергілікті жердің төл басылымы­на айналған, 90 жылдық тарихы бар «Қармақшы таңы» газеті бүгінде жана­шырларының қолдауынан кенде емес. Төл басылымға қашанда төрі дайын жан­дардың бір легі – кент орталығындағы Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің ұстаздары. Олар аудандық газеттің ауқымы кең, әрі қажетті екенін алға тартуда.
Газеттің шынайы жанашыры, әрі қолдаушысы көбейген сайын біз де марқаямыз. Өнерлі өрендерді тәрбиелеп отырған ұжым қызметкерлері толықтай дерлік аудан басылымының тұрақты оқырмандары.
– Ауданның жергілікті тұрғыны болған соң газеттің әр нөмірін жібермей оқуға тырысамыз. Газет бетін ашқанда танитын адамның атқарып жатқан игі істерін көріп риза боламыз. Қасыңда жүргенде ондай қасиетін аңғармауың да мүмкін. Ал газет бетінен көріп білген басқаша сезім. Қазақта «Жаныңда жүр жақсы адам» деген керемет сөз бар ғой. Осындайда танысымыз мынадай ұлағатты іс атқарып жатыр екен, мынадай жетістікке жетіпті дегенді оқығанда іштей құрметің артады. Басылым бетінен өзіміздің шәкірттерімізді көрсек, тіпті қуанамыз. Себебі олардың әрбірі – өз баламыздай. Сонымен қатар ауданда не болып жатыр, қандай жоспарлар жүзеге асуда, бәрін біліп отырасың. Ұжым аудан айнасына толықтай үздіксіз жазылып келеді. Себебі ұрпақ алдында жауапты әрбір ұстаз – өңір жаңалығын біліп отыруы қажет. Газет қай уақытта да шынайы дүние. Біздің ұжымға осы шынайылығы ұнайды. Ал әлеуметтік желіде біреу біліп, біреу білмей жазады. Оның қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін айырып та болмайсың. Яғни желідегі ақпараттар ұдайы шынайы бола бермейді. Ал газет сүзгі мен тексерістен өтіп барып, халыққа жолданады. Аудан айнасының қазіргі сапасына, шығармашылық ұжымның жұмысына көңіліміз толады. Себебі, онда халық көкейіндегі мәселелермен қатар, ауданның бүгінгі ахуалы, өткен тарихы, кешегі кеткен ақын-шайырлар өмірі, танымдық-ақпараттық мәліметтер, сараптамалар да көптеп кездеседі. Алдағы уақытта рухани кеңістігімізді кеңейту және өз игілігіміз үшін газетке жазыла бермекпіз, – дейді өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев.
Газетке ұжымымен жазылуды үрдіске айналдырған өнерлі жандар «өңір жаңа­лығын өздеріңізден оқып, жерлес тарихи тұлғаларды сіздер арқылы танып жатырмыз» деп төбемізді көкке бір көтеріп қойды. Бұл да болса – атқарылған жұмыстың нәтижесі. Халыққа ұсынған шығармашылық жұмыстың көп игілігіне жарауы – қаламгерлер қауымына тың серпін береді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 мамыр 2022 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031