» » Тарихы терең басылым

Тарихы терең басылым


Газет оқымай, теледидар көрмей қандай да бір істі ілгері бастыру қиын. Ол мұғалімге де, кәсіпкерге де, зейнеткерге де керек. Қашанғы әдеттері бойынша аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұжымы аудан айнасы, тоқсан жылдық тарихы бар төл басылым  «Қармақшы таңы» газетінің І жартыжылдығына толық жазылған.  Сөзді қастерлеп, басылымды жоғары бағалайтын ұжыммен жаңа жылда  кездесіп, жұмыстарына сәттілік тілеген едік.
Аталған рухани шаңыраққа өткен жылы белгілі жыршы, мәдениет саласында 20 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан  Айгерім Ешбаева директорлыққа тағайындалған. Ондағы түрлі үйірмеге қатысатын өнерлі оқушылар қандай жыр додасына қатысса да жүлдесіз қайтқан емес. Өткен жылы Бакуда өткен  халықаралық «Мугам» фестивалінде 2 бірдей шәкірті жеңімпаз атанған.
– Газет оқырманымен газет. Бүгінгі таңда өмірімізге ғаламтор жүйесі дендей еніп, баспасөз басылымдарының электрондық нұсқалары пайда болуда. Дегенмен пошташы үйіңізге әкелетін, баспахана иісі аңқыған газетті тұшынып оқудың жөні қашанда бөлек. Мемлекеттік саясаттың насихатшысы болған аудандық «Қармақшы таңы» газетімен қай кезде де біргеміз. Өңіріміздегі ақын-жыраулар жайлы кең көлемдегі мақалалар мен әңгімелер, өткізген іс-шараларымыз газетте жиі жарияланып тұрады. 2021 жылы Көшеней Рүстембековтың 75 жылдығы облыс көлемінде аталып өтсе, аудандық басылым арқылы барлығы дер кезінде халыққа насихатталып отырды. Біз үшін, руханият жанашырлары, мәдениет саласының мамандары үшін тарихы терең басылым «Қармақшы таңына» жазылмау сын. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор!» деген екен Алаш арысы Міржақып Дулатұлы. Ләйім солай болғай. Елдің де, газеттің де келешегі кемел болсын, – төл басылымға түгел жазылған ұжым басшысы Айгерім Ешбаева.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
10 қаңтар 2022 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 180

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 300

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930