» » Дженни Климан: Журналистке көп ақша табу маңызды емес

Дженни Климан: Журналистке көп ақша табу маңызды емес

        ХVI Еуразия медиа форумы аясында фриланс журналист Дженни Климан шеберлік дәрісі барысында тәуелсіз журналист ақша табу барысында пайдаға кенелмейтінін алға тартады.
      "Әрқашан сізге қанша төлейтінін және қаншалықты жылдам төлейтінін білу маңызды. Әрине тәуелсіз журналист көп ақша таппауы мүмкін. Бай болмауы да мүмкін. Ең бастысы, көп ақша табу емес, ең бастысы бай тәжірибе. Тәуелсіз журналист ретінде өзіңізді таныту үшін әлеуметтік платформаларды тиімді пайдалану керек. Бұған қоса сіздің бір газетке берген материалыңызды келесі газет көшіріп басқан жағдайда оған да төлену керек екенін білу тиіс. Фрилансер журналистің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сақтандырылуы өте маңызды. Ешқандай репортаж сіздің амандығыңыздың, қауіпсіздігіңіздің қасында түкке тұрмайды" – дейді Дженни Климан. Сонымен қатар фрилансер журналист ретінде өзіңізді қорғайтын, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін журналистік ұйымдармен бірігіп жұмыс істеудің маңыздылығын да түсіну керек. Цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалану да өте маңызды. Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Алматы қаласында  ХVI Еуразия медиа форумы басталды. Әлемнің әр түкпірінен келген журналистер 24 мамырға дейін түрлі тақырыптар бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.

А.Абдуллаева 
22 мамыр 2019 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031