» » АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН АРМАН

АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН АРМАН

Расымен де, Алла Тағаланың берген ерекше қасиетінің бірі-армандай білу. Арман-біздің әрбіріміз үшін болашаққа жетелейтін тағылымы мол дара жол.
Елбасы өзінің кезекті Жолдауында: «Әрбір адамның өз алдына қойған айқын мақсаттары мен жойқын жоспарлары, ХХІ ғасырдың өрлеу дәуірінде жаңаша әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашады», – деген болатын. Болашақты көз алдына елестете отырып, армандай білу де даналық. Себебі арман сенің өмірге деген құлшынысыңды оятып, алға қарай шарықтатады. Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Мына өмірде армансыз адам жоқ шығар, сірә! Ол-әр адамның қиялы мен қалауынан туындаған ұшаң биіктегі қол жетпес шың. Ол адаммен бірге өзгеріп отыратын өміріміздегі ынталандырушы күш. Арман-қиялдың жетегінде кеткен орындалмас ғажайып деп ойлайтын болсақ қатты қателескеніміз. Ең бастысы алға қойған мақсатымыз айқын болса, арманың міндетті түрде орындалады.
Менің де алға қойған мақсаттарым, қиялымда тамырын кеңге жайған асқақ ­арманым бар. Ол-танымал журналист болу. Мен жастайымнан теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Есейі келе, бұл арманым мені тек алға қарай жігерлендіріп, әрі жетелейтін мақсатыма айналды. Журналист – қарапайым халық пен жоғары билік арасындағы көпір секілді. Менің ойымша тек шындықты айтатын және шындық үшін күресе білетін адам ғана журналист болуға лайықты. Ол сөзге шешен, ұтқыр ойлы, кез келген адаммен тіл табыса алатын тұлға.
Алайда, қай арманыма қол жетіп, қай арман өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бар білетінім, армандарымның орындалуы – әуелі Алланың, сосын өзімнің қолымда! Ол үшін аяңбай еңбек етіп, тер төгу қажет. Себебі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашаққа бас­тауым. Бүгінгі қиялымдағы ойым-ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым. Сол себепті, Абай атамыз айтып кеткендей, өзімізге, өзімізді алып шығар еңбегіміз бен ақылымызға сенейік. Армандай білейік.
Ақерке ҚАНИБЕК,
№105 мектеп-лицейдің оқушысы.
22 ақпан 2018 ж. 3 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031