» » ПІКІР АЛМАСТЫ

ПІКІР АЛМАСТЫ

«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі –жар таңдау, екіншісі –мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, сүйену керек. Адам өз-өзіне «Мен кіммін», «Қалай өмір сүремін» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Елбасымыз «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар», - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.
Міне, осы қағидаларды ұстана отырып, оқушылар үйінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі он күндік іс-шаралар аясында «Мың мамандықтың бірін ал!» тақырыбында пікірталас болып өтті. «Мың мамандықтың бірін ал» тақырыбындағы пікірталасқа облыстық жастар денсаулығы Қармақшы құрылымдық бөлімшесінің психолог маманы Құралай Алданазарова, Қармақшы аудандық аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Азиз Дүкенбайұлы, Қармақшы аудандық оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібекова және аудандық оқушылар үйінің бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Марал Аймаханова қатысып, оқушылардың мамандық таңдаудағы ұстанымын тыңдап, оқушыларға кеңес берді. Кент мектептерінен 9-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, өз ойын ортаға салды.
Қонақтар оқушыларға қосымша сұрақ қойып, ойын тыңдады.
Оқушылар пікірталасқа белсенді түрде ат салысып, бір-бірінің пікірін құрметтей отырып, мамандық таңдаудың қыр-сырын атады. Әр оқушы таңдап отырған мамандықтарын айтып өтті және еліне деген адал қызмет етуді басты мақсаты екенін түсіндіріп өтті. Әлемдегі ең қызықты мамандықтар жайлы бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ж.Аймауытов айтқандай, «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе десек, Абай атамыз айтқандай, «Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз» дегендей, алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық деп пікірталасқа қатысқандар оқушыларға сәттілік тілеп, жақсы маман иесі болуға ізгі ниетін білдірді.
Айзада ТАҢАТАРОВА.
16 ақпан 2018 ж. 3 123 2

JeaCold от 12 ақпан 2019 01:31
Sinus Infection Dosage Amoxicillin Propecia Comprar Viagra Viagra Ohne Potenzstorung cialis overnight shipping from usa Doxycycline For Sale Over The Counter Cialis Brevetto

StevMype от 8 мамыр 2019 18:19
Levitra En Ligne Canada viagra Order Acticin Permethrinum Scabies Quick Shipping Australia Cheapeast

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031