» » Уақыт зымырап өтуде...

Уақыт зымырап өтуде...

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) “Адам баласы бұл дүниеде екі нәрсенің қадірін білмейді. Ол екі нәрсе: денсаулық және бос уақыт” деген екен. Уақыттың тез өтіп жатқанын тіпті аңғармай да қаламыз. Себебі уақытпен тілдесе алмайтынымыз белгілі.
Зырғып өткен уақытты дұрыс пайдалана алмайтын адамдар аз емес. Кеш болған кезде ғана аңғарып жатады. Бірақ ешнәрсенің кеші жоқ. Дегенмен, әр нәрсе өз уақытымен жасалғанына не жетсін. Тіпті бос жатып бүкіл уақытын сарп еткізіп алатын адамдар да болуы мүмкін.
Жетістікке жету үшін адам ең алдымен армандайды, мақсатқа айналдырады, еңбектенеді. Армандау керек. Бірақ тек армандап уақыт өткізе бергенше, сол арманнан нәтиже шығара білген адам кереметтің кереметі. Уақытпен санаса біліп, оның қадірін біле білген адам биікке көтерілері, мақсаты айқын болары сөзсіз.
Зымырап жатқан уақытта әрине даму керек. Бойымыздағы әртүрлі қырларды аша білген жақсы. Бастысы бос жатпау.
Уақытты басқа жағынан да алып қарауға болады. Яғни әртүрлі тараптан көрсек. Ертеде көптеген адамдар, ғалымдар, ақындар өздерінің болжау­ымен алдағы болатын дүниелерді болжай білген. Мысалға ақын Ыбырай Алтынсариннің “Өнер-білім бар жұрттар” өлеңін алсақ болады.
“Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды...” деген үзінділерден қазіргі кезді болжай білген. Яғни ақын атамыз уақыт өте көптеген жаңалық болатынын білген. Яғни бұрынғы шақ пен қазіргі шақ айырмашылығы өте көп десем де болады. Міне, тереңірек қарасақ бұған тек уақыттың тез өтіп, осындай заманға жеткенімізді аңғарамыз. Яғни уақыт көп нәрсені шешеді. Үлкен жаңалықтың тууы­на уақыттың да үлесі бар.
Зырғып өткен уақыттың тілімен осындай заманға да келіп қалыппыз. Тіршілік иесі келеді, кетеді. Бірақ уақыт тоқтамай өте береді. Мүмкін уақыт өте алдымызда талай ғажайып болып қалар. Оны көру, білу үшін еңбектену керек, бәлкім өзіміз де жаңалық ашып қалармыз.
Сол себепті уақытты құр жібермей, уақытылы түсіне білу еңбекқорлыққа жетелейді.
Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені.
Нұрилаәсем ТҰРМАХАНОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың
І курс студенті
06 маусым 2021 ж. 5 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031