» » Уақытпен санаспайтын қызмет

Уақытпен санаспайтын қызмет

qarmaqshy-tany.kz Елімізде әрбір мамандыққа арналған кәсіби мерекелер бар. Жылына бір мәрте айналып келіп отыратын төл мерекенің ұжымның ауызбірлігіне һәм көңіл күйдің көтерілуіне септігі зор. Сондай мерекенің кезегі – жасыл желек қорғаушыларының еншісіне тиіп тұр екен.

Атаулы датаға орай, орман қорғаушылардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысымен хабарласуды құп көрдік. Қашан көрсек те емен-жарқын жүзінен өзгермейтін Абай Бекберген бұл жолы да сәлемінен жазбай, құттықтауымызды қабыл алды. Аз-кем әңгімеден соң ұжымдағы қызметкерлердің игі жұмыс тарын айта жөнелді. Жалпы мұны басшы тарапынан жанашырлық деп ұқтық. Бұл жолғы нысана – мекемеге қарасты 2 орманшылық болса, соның бірі – «Қорқыт ата» орманшылығына түсті.
Бүгінде орманшылыққа тәжірибелі маман, өз ісінің шебері Кәрім Өтегенов басшылық етеді.
Орманды жайқалту үшін ондаған, тіпті жүздеген жылдар кетеді. Адам денсаулығына нәр беретін жасыл өскіннің құндылығын осыдан-ақ біле беріңіз. Ал өрт орын алған жағдайда орман күзету мамандарының балаша күтіп-баптаған жасыл саясы күлге айналып, бір демде-ақ жоқ болып кетуі мүмкін. Оның беті аулақ дейік. Осындай жайсыз жағдайларды болдырмау үшін уақытпен санаспай қызмет қылып жүрген орманшылардың еңбегі шынымен де ерлікке пара-пар ма дерсіз?!
Қазір Кәрім Мақсұтбекұлы басқаратын орманшылықта 3 орман шебері мен 10 орманшы еңбек етеді. Шеберлер – орманшылардың атқарған жұмыстарын бақылап, қадағалап отырса, орманшылар қызметіне жасыл белдікті қорғау, күзету жұмыстары кіреді. Молықтыру ісі мен өрттен сақтау жұмыстары да осы сала қызметкерлері табандылықпен атқаратын шаруаға жатады.
Орманшылық басшысының айтуынша, жұмыс барысында түрлі науқандар болады. Сексеуілдің тұқымын жинайтын маусымдық жұмыстар да соның бір парасы. Орманшылардың жауапкершілігі жоғары. Олар өздеріне белгіленген орамдар бойынша күзету жұмыстарын жасайды.
– Осы уақытта өрттен қорғауға байланысты жұмыстар істеліп жатыр. Аңшылық маусымы ашылды. Заңсыздыққа жол беруге болмайды. Соған орай кешенді жоспар құрылған. Заңсыз отын ағашын кесуге, шабуға жол бермеуде түсіндірме шаралары да қоса атқарылады. Егін орағы аяқталған соң егістік жерлерін өртеу басталады. Сол кездерде өрт қашуы мүмкін. Сондай-ақ алдымызда үлкен науқан келе жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арал ұлтанына сексеуіл отырғызу жүргізіледі. Соны іске асыруда біздің жігіттер сексеуіл егуде. Көктемде көшет отырғызылса, күзде тұқым себіледі. Соған мамандарымыз дайындық үстінде. Жақында солай қарай іссапармен жол жүреді. Орман шаруашылығы қызметкерлері үшін әрбір маусымның өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қыста қорғау жұмыстары жүргізіледі. Мекемеде мұзхана деген болады. Ол мұз ойып, тал сақтайтын орын. Аққырауда көлден мұз ойып, соның ішіне жинаймыз. Жылт етіп көктем келе тал кесіп, соның ішіне тастаймыз. Бір жағынан көктеп кетпесін десек, бір жағынан ағаш құрғап қалмауы тиіс. Сөйтіп жыл көлемінде осы шаруа лар қайталап айналып келіп отырады, – дейді орманшылық басшысы.
Әріптестері арасында орман шеберлері Ғани Есмаханов, Ерхан Қаражанов, Шыңғыс Мыңжасаровтар сыйлы-құрметті болса, орманшы қызметіндегі Қанат Каганұлы, Нұрболат Қосуақов, Ғабит Қайырбергенов, Сәбибек Бекмаханов, Айбол Ыбыраевтар еңбек үлгісін көрсетіп жүрген белсенді азаматтар. Ал Бекберген Айтжанов, Серік Қалмаханов, Қайрат Әбілдаев, Ерлан Құттаяқов, Ерлан Қуаңбаевтар өздеріне абыройдың биігін мақсат еткен жандар.
– Әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектері жемісті болсын. Орман қорғау ісінде алдыңғы қатардан көрінсін. Қызметте шыңдала берсін. Отбастарына бақбереке, ұзақ ғұмыр және дендеріне саулық тілеймін, – дейді өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін Кәрім Өтегенов.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК

15 қазан 2023 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 160
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031