» » Төл басылым оқырманымен бағалы

Төл басылым оқырманымен бағалы

Газет – «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген Ахмет Байтұрсынов оның қоғамдық ойды қозғаушы құрал екенін жақсы білген. Шындығында баспасөз билік пен халық арасын жалғаушы алтын көпір. Сондай-ақ жарнаманың, жылнаманың, уақыттың және жақсылықтың жаршысы. Бүгінде ауданда газетке ұжым болып жазылуды дәстүр санап, елді ауызбіршілікке ұйыстырып жүргендердің саны артып келеді. Солардың бірі – ауданда өзіндік орны бар сала ветеринария бөлімі.

Атаулы мекеме ауданда 2012 жылдан бастап жұмысын бастаған. Қазіргі күні мұнда 63 маман қызмет істейді. Олардың негізгі жүктелген міндеті – жергілікті жерде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау. Сонымен қатар малдың қауіпті кеселге шалдықпауын, олардан алынатын өнімдердің адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді. Қызметтен бөлек жергілікті мекеннің үнжариясына айналған басылымға жанашыр болып қолдаудан да кенде емес. Олар аудандық газеттің ауқымы кең, әрі қажетті екенін алға тартады.
– Әлемде интернет үстемдік құрған заманда газеттің болашағы жоқ деген қауесетті жиі естиміз. Алайда газет көтерген мәселенің шешілмей қалған түйіні жоқ. Басылымның бетіне жарияланған қызықты мақаланы оқырман әлі де асыға оқиды. Өңірдің өмірін осы тоқсан жылдық тарихы бар ата басылым қамтып келеді. Елді мекендегі ілкімді істер мен жағымды жаңалықтардан ұдайы хабардар болып отырамыз. Газет бетін ең бірінші парақтағандағы іздейтініміз осылар. Одан бөлек асқа шақыру, еске алудан таныс жақындарымыздың бақилық болғанын біліп жатамыз. Жалпы аудан айнасына ұжым болып жазылуды үрдіс етіп келеміз. Келесі жылдың жарты жылдығына да толығымен түгел жазылдық. Газеттің сапасы мен ұжымның шығармашылығына берер бағамыз жоғары. Төл басылымның мәртебесі әрдайым жоғары болуына тілектеспіз, – дейді мекеме басшысы Нұрлан Бисенбаев.
Тіршілік дейтін тірі жан күн мен судан нәр алса, адамзат баласы оқу, іздену арқылы рухани азық алады. Көп оқыған көп біледі. Кез келген ортада өзін еркін сезініп, түрлі тақырып төңірегінде сөзге араласып, ойын айта алады. Ветеринария саласының мамандары өз белсенділігімен ерекшеленеді. Біз мұны – газет-жорнал жиі оқығаннан болар деп топшыладық.
– Бала біткен демесем де қызығып кітап оқитын өскелең ұрпақтың бүгінде аз екені белгілі. Оны үйіміздегі бір-бір смартфон ұстаған баламыздан білеміз. Бала түгілі үлкендердің өзі әлеуметтік желіге көп жүгініп кетті. Дей тұрғанмен басылым беттері де сол әлеуметтік желіден кем түспеу керек деп ойлаймын. Неғұрлым газет бетінде тарихи, рухани, қызықты әңгімелер, тұлғалық мақалалар, керек кеңестер көп шығып отырса оқырманды өзіне сөзсіз тартары анық, – дейді ветеринария саласының мамандары.
Қазіргі таңда баспасөзге жазылу – ерікті. Оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде сенімді әрі шынайы ақпарат алғысы келген, елінің ғана емес, өзінің де тағдырына бей-жай қарай алмаған кез келген азаматтың газетке жазылудан қалыс қалмасы анық.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
06 желтоқсан 2022 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031