Қызылорда облысында екі ауылға газ тартылады
Байқоңыр қаласының іргесіндегі Төретам, Ақай ауылдарына газ құбыры тартыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жобалардың жалпы құны 2,5 миллиард теңгеге жуық. Тамыз айында басталған құрылыс келесі жылдың соңында аяқталады. Ал жыл сайын көмірдің кезегінде тұрып шаршаған жұрт көгілдір отынды асыға күтіп отыр. Пеш жағып, күл шығарудан бұрын отын табу қиын. Күзге таяу көмір алу үшін ұзын-сонар кезек болады. Газ құбырының құрылысы межелі уақытында аяқталса, ауылдықтардың көптен күткен арман-тілегі орындалар еді.
Смағұл Аралбаев, Төретам кентінің тұрғыны:
– Көмірдің қазір тоннасы 16 мың болыпты. Қазір барлық жерде қымбаттап жатыр ғой. Бір үйге, енді көлеміне қарай ғой. Кейбіреуі 8 тонна жағады. Жағдайы жоқ адам күзге қалып қояды. Сол кезде күзге таман кезек дейді ғой енді. Әбутәліп Ниязбаев, Төретам кентінің тұрғыны: – Пенсия бар, бірақ дегенмен қиындау ғой енді 16 мың теңгеден. Енді одан да қымбаттайды деген әңгіме бар. Оны енді көрерміз. Осы бір жеті 10 күн бұрын айтты. Тағы 13 процентке көмір қымбаттайды.
Байқоңыр қаласына газ берілген кезде іргедегі Төретам, Ақай елді мекенінің тұрғындары да елеңдеп қалған еді. Содан бері 5 жыл өтті. Биыл тамыз айынан бастап қос ауылда газ құбырлары тартылып жатыр.
Тұрмағамбет Бекмұратов, мердігер мекеменің өкілі:
– Келесі жылдың аяғы деген сөз ол, келесі жылдың қысы. Сол себепті күн суыққа қалдырмауға әрекет қыламыз. Келесі жылы барлығын қысымын тексеріп, елге газды берсек деген ниеттеміз.
Төретам кенті бойынша 97 шақырым газ құбыры тартылып, 11 дана бақылау стансасы орнатылады. Ақай ауылында да жоба жоспарға сай жүзеге асып жатыр.
Мария Саршаева, Қармақшы аудандық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
– Ақай елді мекені бойынша жүргізілетін газ құбырларының ұзындығы 60,91 километр. Шкаф түріндегі газды бақылау стансасының саны 7 дана. Осы жұмыстар 2023 жылдың соңына дейін атқарылып, халық игілігіне пайдалануға беру күтілуде.
Газ құбырының құрылысына үмітпен қарап отырған Төретам мен Ақай тұрғындары тағы бір қысты өткізу үшін отын қорын жасақтауға кіріскен. Әкімдік өкілі бұл елді мекендердегі 22 әлеуметтік нысанның жылу маусымына дайындығы жоспарға сай екенін айтады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов