» » Тоннасы 19,3 мың теңгеден: Көмірдің бағасы 5%-ға өсті

Тоннасы 19,3 мың теңгеден: Көмірдің бағасы 5%-ға өсті

Қазақстанда бір жыл ішінде көмір бағасы 5%-ға өсті, деп хабарлайды  Energyprom.kz. сайты. 


Биыл елімізде қаңтар-қыркүйек айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, 82,1 миллион тонна тас көмір өндірілген болатын. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Соған қарамастан көмір бағасы тағы көтерілді. 2021 жылы тас көмірдің орташа бағасы 5,1 пайызға өсті.
Елдің 14 аймағында көмір бағасының өскені байқалып отыр. Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде 10,8 процентке қымбаттаса, Жамбыл мен Түркістан облыстарында 8,6 пайызға көтерілген. Батыс Қазақстан облысында ғана биыл 1 пайызға арзандады.
Бір ай бұрын ең қымбат көмір Орал қаласында болған. Ол жерде бір тоннасы 19,3 мың теңгеден сатылды. Таразда – 15,6 мың теңге, Түркістанда 15,3 мың теңге тұрған. Ал ең арзан көмір Семейде 9,8 мың теңгеден сатылған.
Айта кетері, Қазақстанда өндірілген көмірдің басым бөлігі Павлодар облысына тиесілі. Ол жерде биыл 47,9 миллион тонна өндірілген. Одан кейін Қарағанды облысы (27,7 млн тонна) мен Шығыс Қазақстан облысы (6 млн тонна) келеді.
02 қараша 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031