» » Көрік берген көгілдір отын немесе көмірсіз өмір бола ма?

Көрік берген көгілдір отын немесе көмірсіз өмір бола ма?


БҮГІНДЕ ЕЛДІ ЖАППАЙ ГАЗДАНДЫРУ МАҚСАТ ЕТІЛІП ОТЫР. ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖОБА БОЙЫНША ОСЫДАН 4 ЖЫЛ БҰРЫН АУДАНҒА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛДІ. СОЛ УАҚЫТТАН БАСТАП КЕНТІШІЛІК ГАЗ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ. ОҒАН ЕЛЕҢ ЕТКЕН ЖҰРТ ГАЗДЫҢ КҮНІ АЛЫС ЕМЕСІНЕ ҮМІТТЕНДІ. ЕНДІ МІНЕ, ҚАҚАҒАН ҚЫСТА КӨМІР ІЗДЕП, ӘБІГЕРГЕ ТҮСЕТІН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮМІТІ АҚТАЛЫП, КЕНТ ІШІ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ. БІРАҚ ҮМІТТЕН ГӨРІ КҮДІК
БАСЫМ. Әлем бойынша 1,1 триллион тонна көмір, оның ішінде 10-орында тұрған біздегі 300 кен орнында шамамен 33,9 миллиард тонна көмір қоры бар. Оның 90 проценті – қазір көгілдір отынды пайдалануға көшкен солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде. Жалпы 1991 жылдан бері Қазақстанда 2,6 миллиард тонна көмір өндірілсе, соның шамамен 0,8 миллиард тоннасы шетелге экспортталған. Қазір де елдегі электр энергиясының 70 проценті, коксхимиясы өндірісінің 100 проценті, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген сұранысы сол көмірге тәуелді. Қазақстаннан өндіріске шығарылған алғашқы пайдалы қазба ретіндегі көмір өндірісі ел экономикасының локомотиві болып отыр. Алайда сарапшылар қазір Қазақстан әлем бойынша көмір саласын дамытудан кенже қалғанын алға тартады. Себебі біздегі қатты отын шикілей сатылады. Оны өңдеп, байытуға құлық жоқ. Үкімет экономикалық тиімсіз деп таныған. Ал Австралия, Германия, ОАР сияқты елдерде көмірдің 80-100 проценті байытылады екен. 2030 жылға дейін көмірді энергетикадағы басты сектор ретінде сақтау жоспарланғанмен, «жасыл экономиканы» басты құндылық санаған Батыс Еуропа елдері біртіндеп байытылмаған көмірді импорттауды тоқтатуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан әлемдік нарықтағы басты экспорттаушы ретінде өз орнын сақтап қалғысы келсе, ең алдымен көмірді өңдеп, байыта білуі керек.
Биыл елдегі көмір тұтыну көлемі төмендеген. Дегенмен «қара отынды» тұтынушылар үшін бағаның арзандауы туралы жағымды жаңалық айтуға да әлі ерте. Негізі көмірдің қымбаттауына үнемі пайда болатын ұсыныс пен сұраныстың артуы, қала берді қоғамдағы алыпқашпа әңгімелер әсер ететін көрінеді.
Көмір тұтыну көлемінің күрт төмендеуі халықты белсенді газдандыру есебінен болып отыр. Газдандырудың нәтижесінде биыл көмірді тұтыну 4,8 миллион тоннаға дейін азаяды. Мәселен, бірінші жартыжылдықта коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және өңір тұрғындарына 3,4 миллион тонна көмір тиеліпті. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 31,3, өнеркәсіптік кәсіп­орындардың қажеттілігіне 2,9 миллион тонна жөнелтілген. 14,5 миллион тонна экспортқа кетті. Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматыдан басқа барлық өңірлер 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде көмір өніміне деген қажеттіліктерін көрсетіп, жаңа маусымға дайындықты бастап кеткен.
Қазақстандық көмір өндіруші компаниялар жыл басынан бері 60 миллионға жуық тонна көмір өндірген. Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұтыну төмендегенімен, көмір тұтынушылар үшін отын бағасы өткен жылға қарағанда қымбат болатынын алға тартты. Қош. Аудандағы ахуал қандай? Жауабын білмекке аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен байланыстық. Олардың айтуынша, кәсіпкерлер көмір өндірушілермен келісімшартқа отырған. 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 103 вагон қатты отын келіпті. Ағаш көмірдің бағасы – 17 мыңнан сатылып жатыр екен. Ал тас көмір енді келеді. Газ қосылды дегенмен үйге көмір алып қоюдың артықшылығы жоқ дейді кент тұрғыны Бақытжан Жайбергенқызы.
– Көгілдір отын ауданға келді дегенді естіген бойда тиісті мекемелерге барып, үйімізге құрдырып алдық. Одан соң қосуды күттік. Барлық құжаттарымыз дайын болды. Қазір газға тамақ пісіріп, пешті қосып, жып-жылы жерде отырмыз. Бірақ бұл осымен болды деген сөз емес қой. Жақын аралықта 3 тонна көмір түсіріп алмақшымыз. Оның артықшылығы жоқ, жағылатын монша бар дегендей, – дейді ол.
Иә, кент көгілдір отынға қосылғалы дүйім жұрттың ойы түрлі тарапқа бөлінді. Бірі – қуанып, бөркін аспанға атса, екіншісі – сенімсіздікпен қарап, «өзіміздің көмірімізді алып қамдана берейікке» басты. Ал ендігісі – үйіне газ кіргізудің бағасы тым қымбат екенін айтып, қалтасы көтермейтінін жеткізді. Бүгінде Қызылорда газ тарату жүйесі КМК-не 788 үйден өтініш түсіп, аудандағы 328 тұрғын үйге көгілдір отын қосылған. Қазір бізде бір емес, 5 қызмет көрсету орталығы бар. Олардың айтуынша, газды үйге тарттырып, орнатып, құру анау айтқандай қымбат емес. Тіпті ай сайын бөліп төлеу үшін несиеге беретіндерін де жеткізді. Мәселен бұл жерде газ жүйесін орнату, жабдықтарын сату, пештерін орнату, толық құжаттарын рәсімдеу, несиеге рәсімдеу сынды қызмет түрлері көрсетіледі. Әрі жылдам, сапалы екенін алға тартады олар.
Әрине, ел ішіне көгілдір отын кіріп, тұр­ғындардың оны қостырып, игілігін көріп жатқаны қуантады. Алайда әлі күнге дейін қаржыға тіреліп, газ қондыра алмаған, не алыс-жақын жерлерде көмір жағатындар бар. «Қыстың қамын жаз ойла». Аяз түспей тұрғанда қатты отын тұтынатын ағайын да ұмыт қалмаған жөн-ақ.
Айнұр ӘЛИ
05 қазан 2021 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031