» » Аймақ басшысы: Тұрғындар үміті ақталады

Аймақ басшысы: Тұрғындар үміті ақталады

ЖОСАЛЫ, 15 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Аймақта сумен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау мәселелері қатар шешімін табуда. Бұл да халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыратын маңызды фактор. Бүгінгі күні облыс халқының 97 проценті орталықтандырылған суға қол жеткізсе, ал халықтың 63 проценті табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алды.
– 2017 жылы 3 аудан орталығына – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа көгілдір отынды жеткізіп, былтыр кентішілік газ желісінің құрылысы басталды, – дейді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Оны «Энергоресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Аталған іске 10 техника тартылған.

Жанар Әбдісалимова, жас маман:
– Әйелдің үйіндегі тірлігі көзге көріне бермейді. Бала тәрбиесі, қонақ қабылдау, тазалық дегендей. Оған қоса 8 сағат жұмысың бар. Әсіресе қыс маусымында қиын. Қол-аяғың мұздап келгенде пешке жүгіресің. Таң атпай күлін алып, көмір тасуыңа тура келеді. Ауыр шелекті көтеруде денсаулыққа салмақ салады. Қолың жарылып, әбігерге түсесің. Экологтар күлдің адамға денсаулығына әкелер зиянын айтып, жар салуда. Жосалы кентіне газ келеді екен дегенді естігенде бөркімізді аспанға аттық. Көшелерге құбыр жүргізу толық аяқталған соң үйге алғашқы тұрғынның бірі болып кіргізуге тырысамыз.
Ақмарал Наурызбаева, кент тұрғыны:
– Көптен күтіп жүр едік. Газ құбырының жүргізіле бастағанына отбасымызбен қуаныштымыз. Бұйыр¬ са игілігін көрер күнде алыс емес болар. Халықтың жайын ойлаған мемлекетіміздің саясатына мың да бір алғыс. Батыс өңірге қонаққа барғанда қызығатынбыз. Онда елді мекенге дейін көгілдір отынмен қамтамасыз етілген деп. Енді міне, мұндай жаңалық біздің де табалдырықтан аттағалы тұр.
Қонысбек Байменов, ардагер:
– Әр қыс сайын мазамыз қашады. Тамыз, қыркүйектен бастап көмір қоймасының алдын аңдимыз. Күн суыған сайын қараотынның қажеттілігі халыққа айқын сезіледі. Көбіне тұрғындарға жетпейтіні бар. Одан қалса, жүк көлігіне кезекке тұрасың. Адамы көп болса оларда жанына жан жуытпайды. Еңкейген қарттан бастап бала-шағаға дейін қоймада кезекте жүргені. Көмір алудың әлегі күн салқындағанда бола¬ ды. Бағасы әжептәуір. 7 тоннамен шығатындар тамызықты қосқанда 130-150 мың теңгенің көлемінде қаражат жұмсайды. Қаппен алатын тіпті ұтылады. Кәсіпкер қатты отынды вагоннан көп мөлшерде сатып алып, қаптайды. Кім болса да пайда тапқысы келетін шығар. Тонналап алуға мүмкіндігі келмеген қапқа ұрынады. Қаптың бағасы 800-1200 теңге көлемінде. Ал енді газ тұтынсақ қалтаға да, тазалыққа да тиімді.
15 қаңтар 2020 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031