» » Газ құбыры жүргізілуде

Газ құбыры жүргізілуде

Елдің жағдайын жасау, тіршілігін жеңілдету, заманауи үдеріске сай өмір сүру – мемлекеттік саясаттың бір парасы. Қала мен ауылды бірдей гүлдендіріп, әлеуметтің әлеуетін арттыру да Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауында кеңінен қамтылған мәселе. Осындай ауқымды шараның бірі – бірлігі ұйысқан, тірлігі жарасқан Жосалы кентінде атқарылуда. Нақты айтқанда, осы жылдың тамызынан бастап 20 мыңнан аса тұрғыны бар кентте газ құбыры жүргізіле бастады.
Оны «Энергоресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Бүгінде кенттің шығыс бөлігіндегі көшелерге жер астымен газ трубасы орнатылуда. Аталған іске 10 техника тартылған.
Серіктестіктің бөлімше басшысы Мұрат Өтеповтың сөзінше, жоспар бойынша шығыс бөліктегі 87 шақырымның 70 шақырымы қазылып, құбыр салынған.
–50 адам еңбек етуде. Оның 12-сі жергілікті жерден қамтылған. 6 бригада құрылған. Пойыз жолдың бергі бетін желтоқсанға дейін толық аяқтасақ деген мақсатымыз бар, – дейді ол.
Бұл жұмыс қателікті көтермейді. Сол себептен де қадағалауды қажет етеді. Жұмыстың сапалы жүруі, тұрғындар тарапынан болатын өтініш-шағымды назарға алу мақсатында аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері жоспарлы рейд жүргізіп тұрады. Қоғамдық кеңестің төрағасы Гүлжауһар Раева, салалық комиссияның төрағасы Сақтапберген Медеуов, мүшесі Әбутәліп Қаңлыбаев, Нұрбай Жанәділовтер мердігермен кездесіп, ұсыныс-пікірін білдірді.
«Қазу барысында бүлінген асфальтты қайта қалпына келтіру, қазылған жерді 2 сағат ішінде көму, сондай-ақ су құбырына зиян келтірмес үшін тиісті мекемемен бірлесе жұмыс істеу керек» деді олар.
Иә, бастысы – жұмыс басталды. Енді оның бітуін жұртшылық асыға күтуде.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК

ТҰЗДЫҚ
Ақмарал Наурызбаева, кент тұрғыны:
–Көптен күтіп жүр едік. Газ құбырының жүргізіле бастағанына отбасымызбен қуаныштымыз. Бұйырса игілігін көрер күнде алыс емес болар. Халықтың жайын ойлаған мемлекетіміздің саясатына мың да бір алғыс. Батыс өңірге қонаққа барғанда қызығатынбыз. Онда елді мекенге дейін көгілдір отынмен қамтамасыз етілген деп. Енді міне, мұндай жаңалық біздің де табалдырықтан аттағалы тұр.

Жанар Әбдісалимова, жас маман:
–Әйелдің үйіші тірлігі көзге көріне бермейді. Бала тәрбиесі, қонақ қабылдау, тазалық дегендей. Оған қоса 8 сағат жұмысың бар. Әсіресе қыс маусымында қиын. Қол-аяғың мұздап келгенде пешке жүгіресің. Таң атпай күлін алып, көмір тасуыңа тура келеді. Ауыр шелекті көтеруде денсаулыққа салмақ салады. Қолың жарылып, әбігерге түсесің. Экологтар күлдің адамға денсаулығына әкелер зиянын айтып, жар салуда. Жосалы кентіне газ келеді екен дегенді естігенде бөркімізді аспанға аттық. Көшелерге құбыр жүргізу толық аяқталған соң үйге алғашқы тұрғынның бірі болып кіргізуге тырысамыз.

Қонысбек Байменов, ардагер:
–Жылда әбіржиміз. Тамыз, қыркүйектен бастап көмір қоймасының алдын аңдимыз. Күн суыған сайын қараотынның қажеттілігі халыққа айқын сезіледі. Көбіне тұрғындарға жетпейтіні бар. Одан қалса, жүк көлігіне кезекке тұрасың. Адамы көп болса оларда жанына жан жуытпайды. Еңкейген қарттан бастап бала-шағаға дейін қоймада кезекте жүргені. Көмір алудың әлегі күн салқындағанда болады. Бағасы әжептәуір. 7 тоннамен шығатындар тамызықты қосқанда 130-150 мың теңгенің көлемінде қаражат жұмсайды. Қаппен алатын тіпті ұтылады. Кәсіпкер қатты отынды вагоннан көп мөлшерде сатып алып, қаптайды. Кім болса да пайда тапқысы келетін шығар. Тонналап алуға мүмкіндігі келмеген қапқа ұрынады. Қаптың бағасы 800-1200 теңге көлемінде. Ал енді газ тұтынсақ қалтаға да, тазалыққа да тиімді.
30 қазан 2019 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031