» » «Бизнестің жол картасы 2020»: Қармақшыда кәсібін кеңейткендер көп

«Бизнестің жол картасы 2020»: Қармақшыда кәсібін кеңейткендер көп

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Сыр өңірінде кәсіпкерлік қанатын кеңге жайған. Соның айқын дәлелі аймағымыз өткен жылы «Бизнеске қолайлы үздік аймақ» номинациясын жеңіп алған болатын. Сол сөзіміздің дәлелелі ретінде Қармақшы ауданын алуға болады.
Қорқыт елінде бүгінде екі қолға бір күрек ұстап, кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткендер қатары артқан. Мәселен соңғы жылдың өзінде кәсіп ашқандар саны еселенген. Солардың бірі – Бауыржан Алпысбайұлы.
Бүгінде ол аудан орталығынан көлік жөндеу орталығын ашқан. Бала күнінен техника тілін меңгерген маманның ісі ілкімді. Осыдан 4 жыл бұрын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 6 миллион теңге несие алып, «АНС» атты орталық бой көтерген-ді. Аудандағы аса күрделі деген жүйелі жөндеулерді жүргізетін ТЖО қызметіне тұрғындар да дән риза. Сондай-ақ аталған нысанда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қазіргі таңда елімізде мейрамхана бизнесі күннен күнге дамып келеді. Алайда солардың ішінде сұранысқа ие болу мен сапа мәселесіде өзекті. Себеп тұтынушы талғамы басты орында. Осындай мүдделер тоғысынан шыққан нысанның ғана қашанда бәсі жоғары болмақ. Қармақшыдағы «Мәлика Ана» мейрамханасы тұрғындардың талғамынан шығып отырған таңдаулы орындардың бірі. Аталған орталық 2011 жылы бой көтерген болатын. Кәсіп иесі Жанар Бұқпанова «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде тойханаға күрделі жөндеу жүргізген. Бүгінде жаңарған, жайлы мейрамханаға тапысырыста көп. Халыққа қолайлы бағада қызмет етіп отырған кәсіпкерлік нысанында 20 тұрғын еңбек етуде.
Берекесі мен бірлігі жарасқан ІІІ Интернационал ауылында «ЗЕМФИРА» атты кәсіпкерлік нысаны жұмыс жасауда. Ауылды ас атасымен қамтып отырған цехтың ашылғанына да көп бола қойған жоқ. Адалат Гайдарова бұл салада жүргеніне 20 жылдан асқан. Алдымен балабақшада аспазшы болып еңбек еткен. Бүгінде өз ісін дөңгелетіп отыр. Күніне шамамен 150-200ге жуық нан дайындайды. Мемлекет тарапынан тарапынан қолдау алған кәсіпкер отбасылық бизнесті алдағы уақытта кеңейтуді көздеп отыр.



17 шілде 2019 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031