» » ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ


Айналада қауырт тіршілік. Бір-біріне соқтығысқан адамдар жұмысқа асығып әлек. Кейде бір жұмыстан соң екінші жұмысқа бас сұғатындары бар. Себебі қазіргі қоғам бос жатуды көтермейді. Ал күнелтуге жұмысы жоқ, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ жандар не істейді? Әрине, мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді. Әлеуметтік қорғаудың өзіндік үлгісі бар. Мәселен немістерде адам өзінің белсенді шағында төлеген ақшадан аударылымына сәйкес әлеуметтік құқығы қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі отбасыларға арналған түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Ал америкалық үлгіде қандай да бір санатқа жатсын, жатпасын, әлеуметтік жәрдемнің минимум өлшемі қарастырылған. Бізде ше?


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдар­ламасында әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін атап өткен болатын. Онда әлеуметтік картаны, әлеуметтік ID енгізу арқылы әрбір азаматтың табысы мен өмір сүру деңгейі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін мемлекеттік қызметтерді кейіннен белсенді көрсету үшін әлеуметтік көмектің айқындылығы мен атаулылығын арттыру жолға қойылатынын айтты. Оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санатына төлем жасау, тегін жол жүру, тамақтану, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, білім алу секілді мәселе қарастырылған. Тұратын аймағына қарамастан, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қоса алғанда азаматтарды әлеуметтік қолдаудың ке­пілдендірілген көлемінің бірыңғай стандарты белгіленеді. Сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Әр отбасының әл-ауқат индикаторы көрсетілетін картасы болады. Әр аймақта бірыңғай әлеуметтік сая­сат жүргізіледі. Әлеуметтік кепілдік баршаға бірдей қолжетімді болады. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салу жоспарда бар.
Әлеуметтік қорғаудың негізгі үш түрі бар. Олар: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек. Ал біздің өңірде бұл жұмыс қалай атқарылуда?
Мамандардың айтуынша, биыл аудан бо­­йынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке рес­публикалық бюджеттен 940,6 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау барысында 842,6 млн теңге, жергілікті бюджеттен 117,8 млн теңге, барлығы 1058,4 млн теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 444 млн теңге қаржы бөлінген.
Жалпы атаулы әлеуметтік көмекке жыл басынан 1502,4 млн теңге қаржы қаралып, барлығы 835,2 мың теңге азаматтарға аударылған. Яки 1 шілдеден бастап 2 347 отбасының 11 973 мүшесіне 835198,1 мың теңге көлемінде қаржы төленген.
– Жұмыссыздық деңгейі бойынша соңғы үш жылда оң динамика байқалады. Мәселен, 2016 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 процентті құраса, 2017 жылы 5,1 процентті, өткен жылдың қорытындысымен 5,0 процентті құрады. Ал биыл аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 830 адам. Бұл – 3,3 процентті құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4 процентке төмендеді. Сондай-ақ, биылғы жоспар бо­йынша 288 адамды бірыңғай жиынтық төлем төлету арқылы өзектендіру қажет болса, бүгінде 169 адам бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жоспардың 58,7 процентін құрап отыр, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бөлімі басшысының орынбасары Жанар Ниматулла.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 3 бағыты бойынша атқарылған жұмыстың да нәтижесі жаман емес. Бағдарламаның І бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 160 адамды оқумен қамту межеленген. 80 жұмыссыз азамат екі мамандық бойынша, «Бу қазандығының операторы», «Электрогазбен дәнекерлеушіге» оқыту жоспарлануда. Бүгінде 28-і «Бу қазандығының операторы» оқуына жолданған.
Бағдарламаның ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 110 адамға кәсіпкерлік негіздерін оқыту межеленсе, І және ІІ кезеңі бойынша 123 адам оқу курсымен қамтылған. Ал ІІІ бағыты бойынша жастар тәжірибесіне жолданған 182 адамның 63-і жұмысын аяқтап, оның 20-сы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар жыл басынан бастап аудандық пробация қызметінің есебіндегі тұрған 17 азамат жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 4-еуі қоғамдық жұмысқа, 8-і тұрақты жұмысқа жіберілген.
– Аудан әкімдігінің «2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылдың 6 ақпанында №896 қаулысымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленді. Квота бойынша пробация есебіндегі 6 азаматты жұмысқа орналастыру межеленді. Жыл аяғына дейін белгіленген квоталарды толығымен орындауға жұмыс істеледі, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Біләлов.
Айнұр ӘЛИ
05 тамыз 2019 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031