» » Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу барысы

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу барысы

Мемлекет басшысы әлеумет­тік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды, яғни әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болды.
«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Ре­с­пу­бликасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 369-V ҚРЗ Заңы қабылданды.
Осы заңға сәйкес 2018 жыл­дың 1-қаңтарынан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде – 40%) төмен болған жағдайда от­ба­сыларға атау­лы әлеуметтік кө­мек көрсетудің жаңа тәртібі, яғни жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) 2018 жылға дейінгі қолданыстағы: 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақының (от­басының тоқсандағы жиынтық табысы күнкөріс деңгейінің 60 па­йызынан аспайтын отбасыларына), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің (отбасының тоқсандағы жиынтық табысы күнкөріс дең­гейінің 40 пайызынан аспайтын отбасыларына) және арнаулы мемлекеттік жәрдемақының (4 және одан көп кәмелетке толмаған балаларға отбасының жиынтық табысы ескерілмей төленеді) орнына тағайындала бастады.
Ағымдағы жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек аудан бо­йынша 933 отбасының 4443 адамына 171765,6 мың теңге та­ғайындалып, төленді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында Байқоңыр қаласын қоса алғанда аудан бойынша 13 адам тұрақты жұмыспен, 117 адам ақылы қоғамдық жұ­мыспен, 10 әлеуметтік жұмыс ор­нымен, 11 адам қайта даярлау, біліктілігін арттырумен және 3 адам жастар практикасымен қам­тамасыз етілді.
Алдағы уақытта да, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында туындайтын іс-шаралар тиісті заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
01 қараша 2018 ж. 1 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031