» » Газ: Тұрғындар үміті ақталады

Газ: Тұрғындар үміті ақталады

«Газ» десе елең ететін күйге жеттік. Әсіресе көмір іздеп әбігерге түскендер газдың қосылуынан үмітті. Жалпы көгілдір отын қашан іске қосылады? Жосалы кентіндегі табиғи газды қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Бұл жайында аудан әкімі Мұса Оспанұлы Жосалы кентіндегі ардагерлермен кездесуінде айтты.
- Тұрғындар қора-қопсысын қомдап, қысқы отын-суын әзірлеп әлек. Себебі алда ұзақ қыс. Егер ауа-райы күрт суыса отынның аталған көлемі тұрғындарға жеткілікті ме? Қазірдің өзінде түнге қарай қара суық бой көрсетеді. Сол үшін әр ауыл, кент тұрғындары қаншалықты көмірмен қамтылған соны білу керек, – деген аудан басшысы М.Қалдарбеков жауапты мамандарға тапсырма жүктеді. 
Бүгінде траншея қазылып, құбырлар орнатылуда. Жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы газ тарату пункттерінің құрылысы осы жылы жүргізіледі. Бұған бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстауда.
- Қазір арғы беттен жүргізіліп жатыр. Ақылдаса келе бірден бергі беттен де жүргізуді қолға алмақпыз. Тек сол жақын маңда тұратын тұрғындар қаражаты жетсе үйіне кіргізіп алуы керек, - деді аудан басшысы.
Демек бұл қыстың қамын ойлап, жинағанына көмір алып әбігерге түскен жұрттың үміті ақталады деген сөз.
Айнұр ӘЛИ
18 қыркүйек 2019 ж. 1 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930