» » Өлке тазалығын сақтау – өзімізге қажет

Өлке тазалығын сақтау – өзімізге қажет

Қысқа қам қалай? Сенбілікке салғырттық танытып жүрген жоқпыз ба? Жаңа оқу жылынан не күтеміз? Бұл сауалдар сейсенбіде өткен аудан әкімі Мұса Қалдарбеков төрағалық еткен тұрақты кеңестің күн тәртібінде қозғалды. Жиынға ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Кеңесте аудандық білім бө­лімінің басшысы Жарқын Омаров аудан бойынша білім беру ұйымдарының өту барысы жайында баяндама жасады. Бүгінде өңірдің білім саласында айшықты істер атқарылуда. Жалпы орта мектепті 484 бітіруші аяқтаса, олардың 26-сына «Алтын белгі», 15-іне «Үздік аттестат» берілген. 2019-2020 жаңа оқу жылында 2019 жылдың ішінде 6 жасқа толатын бала 1 сыныпқа 1859 бүлдіршін қабылданды және барлығы 14807 оқушы мектеп партасына отырды. Биыл сыныпқа қабылданатын балаларды мектепке қабылдау қызметі электронды түрде жүзеге асырылды.
– №275 орта мектептің тере­зесіне ағымдағы жөндеуге – 2479,7 мың теңгеге, мектеп ғимаратының шатырына 6 380,7 мың теңгеге жөңдеу жұмысы жүргізілді. №273 мектепке 8 008,0 мың теңгеге мектеп ғимаратының терезесі ауыс­тырылды. 4 386,3 мың теңгеге Байқоңырдағы №275 орта мектеп ғимаратының асхана мен спортзалына 3 922,8 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде. №277 мектеп-лицейіне газдың есеп­тегішін орнатуға 1900,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді. Биыл барлық мектеп өндірістік бақылаумен 100 процент қамтылды, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Омаров.
Сондай-ақ жиында аудан басшысы балабақшадағы ас мәзірінің сапасын тексеру керегін айтты. Алдағы уақытта мекемелерді аралап, тазалығы мен жұмыс барысына қанығатын болады.
Жылу маусымына қам қалай?
Жаз аяқталды. Күн ызғарын сезінген жұрт қыстың қамына кірісе бастады. Етек-жеңін қымтанып, ағаш, көмір, отынын қаттап «кәрі құдасын» қарсы алуға дайындық үстінде. Жылу маусымы жақындаған са­йын көмір бағасының шарықтап кететіні тағы бар.
Қыс ызғары қылаң берген сайын қалтасы саяз ағайын уайымға түсе бастайды. Жалпы, жылу маусымына қам қалай? Бұл жайында тұрақты кеңесте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Жиенбаев хабарлады.
Аудан бойынша барлық әлеуметтік нысанның биылғы жылу беру маусымына дайындығы сақадай сай деп айту ерте. Жалпы өңірде 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысан орналасқан. Білім саласы 57, мәдениет саласы 35, спорт саласында 7, денсаулық саласы бойынша 21 нысан, 1 балабақша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Сондай-ақ қажетті отынды қазан айында тасымалдау жоспарлануда. Қатты отынды тасымалдаумен ЖК «Қалиев», ЖК «Жаппасбаев», ЖК «Есдәулетов», ЖК «Қожантаева», сұйық отынды тасымалдаумен ЖК «Жақаншаұлы Ержан», «Мир-2001» ЖШС, ЖК «Матаева», ЖК «Рамазан» айналысады. Тас көмір – 13 мың теңге болса, ағаш көмірдің бағасы – 16 мың теңге.
– Биылғы жылу маусымында аудан тұрғындарына тас көмірге деген қажеттілік 19 500 тоннаны құраса, бүгінде 80 вагон яки 5600 тонна, жеке автокөлік арқылы 400 тонна, барлығы 6000 тонна қатты отын тасымалданып, сатылуда. Қатты отынға қажеттілік 6000 тонна, жалпы алғанда 30,7 процентке орындалып отыр, – деді бөлім басшысы М.Жиенбаев.
Арнайы орында (тупик) қатты отынның 19 вагоны қалған. Бұл 1330 тоннаны құрайды. Алайда қыс алда. Құбылмалы күн райының суығына төтеп беруге қаншалықты жеткілікті?
– Тұрғындар қора-қопсысын қомдап, қысқы отын-суын әзірлеп әлек. Себебі алда ұзақ қыс. Егер ауа-райы күрт суыса отынның аталған көлемі тұрғындарға жеткілікті ме? Қазірдің өзінде түнге қарай қара суық бой көрсетеді. Сол үшін әр ауыл, кент тұрғындары қаншалықты көмірмен қамтылған соны білу керек, – деген аудан басшысы М.Қалдарбеков жауапты мамандарға тапсырма жүктеді.
«Газ» десе елең ететін күйге жеттік. Әсіресе көмір іздеп әбігерге түскендер газдың қосылуынан үмітті. Жалпы көгілдір отын қашан іске қосылады? Жосалы кентіндегі табиғи газды қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Бүгінде траншея қазылып, құбырлар орнатылуда. Жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы газ тарату пункттерінің құрылысы осы жылы жүргізіледі. Бұған бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстауда. Демек бұл қыстың қамын ойлап, жинағанына көмір алып әбігерге түскен жұрттың үміті ақталады деген сөз.
Жатырсың неге, оянбай?
Тыққанымыз іннен шыққан тышқандай басын қылтитты. Оны таудай үйілген қаптан еркін аңғарасыз. Енді мұны алдағы екі айлық сенбілікте тазартпасақ, тіпті ұят. Ел-жұрт кетпен-күрегін, айыр-тырмасын иыққа асып сенбілікке бара жатса, бәзбіреу әлі қалың ұйқыда. Жолдың шетінде бос бөтелке, мына жерде қағаз қалдығы, ал мында қап-қап болған бала жөргегі. Оны барып ит жұлмалап, жан-жаққа тасып жүр. Кінәрат неден, кінә кімнен? Бұл мәселе де тұрақты кеңесте талқылауда.
Жылдағы дәстүрмен өткен сенбіде Жосалы, Төретам кенті мен барлық елді мекенде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы басталды. Тазалық жүргізудің алғашқы шарасы кент, ауылдық округтерде өтті. Ал сол сенбіліктің алғашқы аптасында қанша мекеме жұмыла жүк көтерді? Бұл жайында Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Сыдықов баяндады.
– 7 қыркүйекте сенбіліктің бірінші күні өтті. Тазалық барысында 1325 метр шарбақ сырланды, 10 шақырым арық тазаланды, 534 тұрғын үйдің сырты мен 1482 ағаш түбі әктеліп, 529 м3 күл-қоқыс шығарылды. Әр елді мекен бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайындағы мәліметі алынып, тазалық барысын қадағалауға мекеме басшылары бекітілді. Келешекте солардың атын атап, түсін түстейік. Бұл тек осы жолы ғана. Сенбілікке салғырт қарап, қарасын көрсетпеген мекемелер жетерлік. Сол үшін алдағы сенбілікке барлық мемлекеттік органдардың атсалысуын сұраймын, – деді ол.
Бұрын күл-қоқыстан көз ашпайтын көшелер қалыпқа келтіріліп, кемшіліктер түзелгені кімге болса да қуаныш. Ол рас. Сегізов көшесіне аудандық мәдениет үйі мен клубтары мекемесі шықса, Абай көшесін №26 мектептің техникалық қызметкерлері тазалықты өз деңгейінде орындаған. Сондай-ақ «Ана мен бала» ескерткішінің айналасын кент әкімдігі, Ізтілеуов көшесіне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мұражай мекемесі сенбілік жүргізді. Кенттің мекемеге бекітілген бірқатар көшелері де тазартылды. Десе де кейбір тұрғыны көп орналасқан жердің қоқысы әлі де кент келбетін кетіріп тұр. Шатыры қисайып, дарбазасы бұзылған, бір қараған жанға қолайсыз көрінетін кейбір мекемелер аудан басшысының назарына ілікті.
– Осы жердегі әрқайсысыңыз әр саланың тұтқасын ұстаған басшысыздар. Қай жерде де құрметті, сыйлы азаматсыздар. Ал отырған мекемесі, ауласы лас жердің басшысын қалай басшы деуге болады? Саябақтың ішінде мал жайылуда. Сырт көз не дейді? Сол үшін екі ай бойы сенбілік бақылаудан тыс қалмайды, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, екі ай бойы күнделікті кент көшелеріндегі қоқыс суретке түсіріліп, басшылық назарына ұсынылады. Тазалыққа бәй-жай қарағандарға арнайы шара көріліп, тәртіпке шақырылады.
Айнұр ӘЛИ
17 қыркүйек 2019 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031