» » Миллионер мектеп

Миллионер мектеп

Жақында Қызылорда қаласында өткен білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде аймақтың үздік мұғалімдері марапатталды. Оқу жылының қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейі үздік деп танылып, басшысы Жұмагүл Тілеуғабыловаға «Үздік орта білім ұйымы» номинациясы мен 17 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Бүгінде өңірдің білім саласында айшықты істер атқарылуда. Жалпы орта мектепті 484 бітіруші аяқтаса, олардың 26-сына «Алтын белгі», 15-іне «Үздік аттестат» берілген. Оның ішінде Байқоңыр қаласындағы 13 білім беру мекемесінің 5-еуі Қазақстан Республикасына қарасты қазақ мектебі. Мұнда инновациялық мектептерді дамыту мақсатында №277 мектепке 2016 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен мектеп-лицей статусы берілген. Қазір мектеп Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен педагогикалық шеберлік орталығымен тәжірибе алмасуда. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалада түрлі бағытта үйірмелер мен спорттық секция жұмыс жүргізеді. Білім ордасында 2018-2019 оқу жылы 11 сыныпты 26 оқушы бітірген. Оның біреуі – Қытай Мемлекеттік университетіне, біреуі – Ресей Федерациясының оқу орнына, қалған 17-сі елдегі жоғары оқу орындарына грантқа түскен. Жаңа оқу жылында 1280 оқушы білім алады. 1 сыныпқа қадам басатын 175 оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттайды.
– Ел дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау басты құндылыққа айналуда. Білім берудің әрбір деңгейі бойынша ауқымды жұмыс жүргізудеміз. Білімді ұрпақ тәрбиелегенде ғана мемлекеттің болашағы айқын болмақ. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын мектептер Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің оқу стандарты бойынша жүзеге асады. Бұл стандартқа көшкенімізге төрт жыл болды. Алған 17 миллиондық марапатымыз осы төрт жылдық еңбектің нәтижесі, – дейді №277 мектеп-лицейдің директоры, аудандық мәслихат депутаты Ж.Тілеуғабылова.
Ал лицей іші құдды бір қолөнершілер ауылы секілді. Мектептің бірінші қабаты мектеп оқушылары жасаған қолөнер туындыларына толып тұр. Ағаштан ойып жасалған ыдыстар мен қазақ халқының ежелгі заманда күнделікті тұрмысқа қолданған және қазір де қолданатын бұйымдары, сусын қақпағынан жасалған әйгілі Алтын адам киімі мен құстар, сондай-ақ жан-жануарлардың мүсіндері, гүлдер мен әшекейлер көздің жауын алады. Білім ордасы – нағыз «Рухани жаңғыру» мекені. Бұл өнерді оқушының санасына құю – ұстаз міндеті. Ал ұстаз – тынымсыз еңбектің иесі. Ұстаздары қолөнерге баулыған мектеп оқушылары талай додада бағын сынап, олжалы оралуда.
Айнұр ӘЛИ
27 тамыз 2019 ж. 1 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031